Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

167. Стандарт «Науқасты ирригоскопияға дайындау»

Тоқ ішекті рентгенологиялық зерттеу – контрастық затты (барии сульфаты) қолдана отырып, қуыс мүшелеріне рентген сәулесін түсіруге негізделген зерттеу әдісі.

Мақсаты: диагностикалық: рентгенологиялық зерттеу тоқ ішектің әртүрлі бөлімдеріның орналасуы, тоқ ішектің ұзындығы, орналасуы, тонусы, формасы туралы ақпараттар алу; тоқ ішектің шырышты қабатының қозғалу функциясының бұзылуын, қабыну процестерін, ісіктерін, ойық жарасын, эрозиясын анықтау мүмкіндіктерін береді.

Қолдану көрсетілімдері тоқ ішек аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ішектің бітелуі, ойық жаралы колиттің асқыну кезеңі, ішектен қан кетулер.

Дайындау қажет: Эсмарх кружкасы, 1,5-2 литр суы бар ыдыс, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, резіңке қолғап, судно, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, барии сульфатының тұнбасы (1,5 литр, t°- 36°-37QC), шылапшын, лоток, салфеткалар, су термометрі, алжапқыш; фортране, адсорбенттер, ферментативтік препараттар; жолдама бланкі (зерттеу әдісінің атауын, науқастың Т.А.Ә., жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, зерттеу күнін көрсетіңіз). Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.

Пост мейірбикесінің іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқаспен сенімділік қарым-қатынасын орнатыңыз.

2. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты психологиялық тұрғыдан дайындаңыз.

4. Науқасқа газ тудыратын, ашытатын азық-түлік өнімдерін тағам рационынан алып тастау керек екенін ескертіңіз және зерттеуге 2-3 күн қалғанда оның сұйықтықты көп ішуін қамтамасыз етіңіз.

5. Дәрігердің тағайындауы бойынша ферментативтік препараттарды беріңіз.

6. Зерттелетін күні күндізгі сағат 12-де кесте бойынша фортране беріңіз.

7. Зерттеуден 18 сағат алдын жеңіл тамақ беріңіз.

8. Зерттеуден бір күн алдын кешке (сағат 20-00 және 22-00) науқасқа әрбір 2 сағат сайын 1,5-2 литр сумен «таза су» шыққанша 2 толық тазалау клизмаларын қойыңыз.

9. Таңертең зерттеуге 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат сайын 2 тазалау клизмасын қойыңыз.

10. Зерттеуге 3 сағат қалғанда науқасты жеңіл ақуызды таңғы аспен қамтамасыз етіңіз (аш ішектегілердің тоқ ішекке рефлекторлы жылжуы үшін).

11. Науқасты белгіленген уақытта ауру тарихымен бірге рентгенология кабинетіне алып барыңыз.

Рентген кабинеті мейірбикесініңи іс-әрекеттер алгоритмі:

12. Науқасты сол жағымен жатқызыңыз, аяқтарын ішіне бүгіңіз.

13. Науқасқа рентген кабинетінде клизма арқылы 1,5 л (t°-36°-37°С) барии сульфатының тұнбасын енгізіңіз.

14. Рентген зерттеуін жүргізу барысында мейірбике кабинеттен шығып кетуі тиіс.

15. Зерттеу аяқталғаннан кейін науқасты палатасына жеткізіп салыңыз.

Ескерту:

- ішекте газдың пайда болуын кеміту мақсатында зерттеуге 3 күн қалғанда тағам рационынан шикі көкөністерді, жемістерді, жеміс шырындарын, қара бидай нанын, сүт және ашытқы өнімдерін, тәттілерді алып тастаңыз;

- науқасқа ботқалар, кисель, омлет, қайнатылған ет және балық өнімдерін, жұмыртқа, сүзбе, ірімшік, ақ нан, сорпа, ақ кепкен нан тағайындаңыз.