Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

165. Стандарт «Науқасты бронхографияға дайындау»

Бронхография – тыныс алу мүшелерінің ауа өткізу жолдарын (бронхтарын) зерттеу әдісі.

Мақсаты: бронх ағашының өткізгіштік қасиетін тексеру, қуыстардың пайда болуын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бронхоэктатикалық аурулар, бронх ағашының дамуындағы ауытқулар, созылмалы бронхит, бронхөкпе кисталары, бронх мен өкпенің қатерлі және қатерсіз ісіктері, т.с.с.

Қарсы көрсетілімдері: жоғары дене қызуымен сипатталатын жедел өкпе аурулары; өкпе этиологиясына жатпайтын қалтырау; жүрек ақауы, өкпеден мол қан кету жағдайлары.

Асқынулары: контрастық затқа аллергиялық жағдайлардың болуы. Бронхографияны дәрігер жүргізеді.

Мейірбикенің с-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқаспен сенімділік қарым-қатынасын орнатыңыз.

2. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Зерттеу күні таңертең ас-су ішпеңіз, темекі шекпеңіз (зерттеу ашқарынға жүргізіледі).

4. Науқасты ауру тарихымен бірге белгіленген уақытта рентген кабинетіне алып барыңыз.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекеттер алгоритмі:

5. Науқасты үстелге отырғызыңыз.

6. Мұрын (ауыз) арқылы берілетін жоғарғы тыныс алу жолдарының анестезиясына қажетті заттарды дайындаңыз.

7. Ауыз- жұтқыншаққа анестетикті шашыратыңыз.

8. Бронх жолдарына жергілікті анестезиямен йодолипол контрастық затын енгізіңіз.

9. Рентген кабинетінде науқасты рентгенге түсіреді, мейірбике рентген кабинетінен шығып тұруы тиіс.

10. Науқасты палатасына жеткізіп салыңыз.

11. Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

166. Стандарт «Науқасты асқазан мен ұлтабардың рентгенологиялық зерттеулеріне дайындау»

Асқазан мен ұлтабардың рентгенологиялық зерттеулері – контрастық затты (сульфат) қолдана отырып, қуыс мүшелеріне рентген сәулесін түсіруге негізделген зерттеу әдісі.

Мақсаты: диагностикалық:

- рентгеноскопия мен рентгенография асқазан мен ұлтабардың пішінін, көлемін, қозғалмалылығын анықтауға мүмкіндік береді;

- эрозияның, ойық жараның, ісіктердің шоғырланған жерін анықтау;

- асқазанның шырышты қабатының функционалды жағдайын тексеру;

- эвакуаторлық қабілеттілік.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан мен ұлтабар аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: Ойық жарадан қан кету.

Дайындау қажет: Эсмарх кружкасы, стерильді ұштық, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, барии сульфатының тұнбасы (100-150 гр.), резіңке қолғап, жолдама бланктері (зерттеу әдісінің атауын, науқастың Т.А.Ә., жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, зерттеу күнін көрсетіңіз), зарарсыздандыру ерітіндісі, кружка, судно.

Рентгенологиялық зерттеуді дәрігер жүргізеді.

Пост мейірбикесінің іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа (немесе оның жанұясы мүшесінің біріне) құпия түрде және түсінікті етіп алда болатын зерттеудің маңызы туралы ақпарат беріңіз.

2. Зерттеуді өткізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Науқасқа метеоризмнің алдын алу мақсатында зерттеуге 2-3 күн қалғанда газ тудыратын тағамдарды (көкөністер, жемістер, сүт, қара нан) тағам рационынан алып тастау керек екенін ескертіңіз.

4. Науқасты зерттеу таңертең ашқарынға жүргізілетіні туралы хабардар етіңіз. Соңғы асты зерттеуден бір күн алдын кешкі сағат 20-00 дейін қабылдау керек.

5. Іш қату болған жағдайда дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеу болардан алдын кешке тазалау клизмасы қойылады.

6. Науқасты ауру тарихымен бірге рентген кабинетіне алып барыңыз.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекеттер алгоритмі:

7. Зерттеу барысында науқасқа барии сульфатының (бір стақан суға 100-150 гр) тұнбасын беріңіз.

8. Рентгенге түсіру барысында мейірбике рентген кабинетінен шығып кетуі керек.

9. Зерттеу аяқталғаннан кейін науқасты палатасына жеткізіп салыңыз.