Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

162. Стандарт «Науқасты ректороманоскопияға дайындау»

Мақсаты: Науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік ішек пен бүрмелі ішекті визуалды қарап шығу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеулер үшін талшықты, жағындыны қырып алу.

Дайындау қажет: стерильді: ректоскоп, салфеткалар, вазелин, шпатель, клеенка, Эсмарх кружкасы, су, шылапшын, алжапқыш, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.

Ректороманоскопияны дәрігер өткізеді, мейірбике ассистенттік жасайды.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқаспен емшара мақсаты, барысы және зиянсыздығы туралы әңгімелесіңіз. Науқасқа зерттеуді дәрігер жүргізетінін айтыңыз.

2. Науқасқа зерттеудің таңертең ашқарынға өтетінін айтыңыз.

3. Науқасқа таңғы сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге 2 сағат қалғанда (толық емес кружка) тазалау клизмасын жасаңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.

4. Науқастан зерттеу алдында қуығын босатуын сұраңыз.

5. Науқасты манипуляция жасалатын кабинетке алып барыңыз.

6. Науқасты палатасына жеткізіп салыңыз, бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

Ескерту:

- ректоскоп тік ішекке 25-30 см қашықтыққа енгізіледі;

- ректороманоскопияны тік ішектегі жедел қабыну процесі басылғаннан кейін өткізеді;

- егер науқаста іш қату болса, зерттеуден бір күн алдын кешке қосымша тазалау клизмасын жасайды;

- науқастың ішегін дайындау мен зерттеу аралығы 2 сағаттан кем болмауы тиіс, өйткені тазалау клизмасы біраз уақытқа дейін шырышты қабатының табиғи түсін өзгерту.

XIV. ««Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

163. Стандарт «Науқасты цистоскопияға дайындау»

Мақсаты: Науқасты зерттеуге сапалы дайындау, диагностикалық: қуықтың шырышты қабатын визуалды қарап шығу; емдік: қуықтың қатерсіз ісіктері мен полиптерін алып тастау.

Дайындау қажет: стерильді: цистоскоп; жуындыру жабдықтары және науқасқа тазалау клизмасын қою, зерттеуге жолдама жазу.

Цистоскопияны дәрігер жүргізеді, мейірбике ассистенттік жасайды.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. Науқасты психологиялық тұрғыдан дайындаңыз.

2. Зерттеу таңертең аш қарынға жүргізіледі.

3. Науқасқа таңертең зерттеут алдында сыртқы жыныс мүшелерін мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оған гигиеналық жуыну техникасын түсіндіріңіз.

4. Таңертең зерттеуге 2 сағат қалғанда науқасқа тазалау клизмасын қойыңыз.

5. Науқастан зерттеу алдында қуығын босатуын өтініңіз.

6. Науқасты ауру тарихымен бірге белгіленген уақытта эндоскопия кабинетіне жеткізіңіз.

7. Зерттеу аяқталғаннан кейін науқасты палатасына жеткізіп салыңыз.

8. Науқасқа зерттеуден кейін 2 сағат төсек режимін сақтау керек екенін ескертіңіз.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

164. Стандарт «Науқастың іш қуысы мүшелерін (бауыр, өт, ұйқы безі, көк бауыр және бүйрек) ультрадыбыстық зерттеуге (удз) дайындау»

Мақсаты: Науқасты зерттеуге сапалы дайындау.

Қолдану көрсетілімдері: іш қуысы мүшелері аурулары мен бүйрек аурулары.

Дайындау қажет: дәрігер тағайындаған препараттар, сүлгі, ақжайма. Ультрадыбыстық зерттеуді дәрігер жүргізеді, мейірбике науқасты дайындайды.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дайындық тәртібінің бұзылу салдарынан болатын зардап туралы ескертіңіз.

3. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға жүргізілетінін ескертіңіз.

4. Науқасқа зерттеуге 2-3 күн қалғанда газ тудыратын тағамдарды (көкөністер, жемістер, сүт тағамдары, қара нан, асбұршқтар, жеміс шырындары), іш жүргізетін таблеткаларды тағам рационынан алып тастау керек екенін түсіндіріңіз.

5. Зерттеуден бір күн алдын науқас дәрігердің тағайындауы бойынша метеоризмге қарсы препараттарды қабылдауы тиіс.

6. Зерттеуге 8-12 сағат қалғанда науқас тамақ ішпеуі керек.

7. Зерттеуден бір күн алдын кешке науқасқа тазалау клизмасын қойыңыз.

8. Зерттеу алдында темекі шекпеңіз.

9. УДИ-ге науқас өзімен бірге сүлгі мен ақжайманы алуы тиіс.

10. Науқасты ауру тарихымен бірге УДИ кабинетіне алып барыңыз.

11. Науқасты зерттеу аяқталғаннан кейін палатасына жеткізіп салыңыз.

Кіші жамбас мүшелеріне (қуық, қуықасты безі, жатыр, жатыр бездері) УДИ жасалғанда:

- іш қуысы мүшелеріне УДИ жасауға жүргізілетіндей дайындық жасалуы тиіс;

- зерттеуден 2-3 сағат алдын 1,5 литр сұйықтық (қайнаған су) ішу керек екенін науқасқа ескертіңіз;

- науқастан зерттеуге дейін кіші дәретке бармауын сұраңыз (қуық тола болуы тиіс).