Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

161. Стандарт «Науқасты колоноскопияға дайындау»

Колоноскопия – икемді эндоскоп зонды арқылы тоқ ішектің жоғары орналасқан бөліктерін аспаптық зерттеу әдісі.

Зерттеу әдісінің диагностикалық маңызы: Колоноскопия тоқ ішектің шырышты қабатын тікелей қарап шығу мүмкіндігін береді. Эндоскоп анал тесігі арқылы тоқ ішектің кез-келген бөліміне енгізіледі.

Онымен қабыну процестерін, ішкі геморройды, сызаттарды, эрозияны, қан кетулерді, ісіктердің пайда болуын анықтауға болады.

Осы әдіс жағылмалар алуға, шырышты қабатты қырып алуға, мақсатты биопсияны өткізуге мүмкіндік береді.

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындау, науқасты хабардар ету және үйрету.

Науқастың мәселелері:

- науқастың алда болатын манипуляцияға теріс көзқараста болуы;

- манипуляция алдындағы қорқыныш;

- ұялуы;

- емшараны өткізу барысындағы ыңғайсыздық сезімі.

Қолдану көрсетілімдері:

- тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ауруларының диагностикасы үшін;

- тоқ ішектің зақымдану ұзындығын анықтау үшін және хирургиялық ота көлемінтаңдап алу үшін;

- диагнозды морфологиялық деңгейде растау үшін;

- тоқ ішектің жоғары орналасқан бөлімдерінің шырышты қабатын визуалды қарап шығу үшін;

- диспансерлік және аурудың алдын алу тексерістерін жүргізу үшін;

- ішектің бітелуі, қан кетулер, ішекте бөгде заттардың болуы және басқа ішек аурулары мен жарақаттары.

Қарсы көрсетілімдері: Ойық жаралы колиттің ауыр формасы, Крон ауруы, ішектен қан кетулер, өкпе-жүрек жетіспеушілігінің ауыр формасы, анал аймағының қатты ауырсыну синдромы бар жедел аурулары, іш жарықтары, III сатыдағы гипертония ауруы.

Асқынулары:

- тоқ ішек перфорациясы;

- керілгенде айқын ауырсыну реакциясының болуы;

- тоқ ішектің серозды қабатының жыртылуы.

Дайындау қажет: колоноскоп; фортране; колоноскопияға жолдама.

Колоноскопияны дәрігер өткізеді, мейірбике ассистенттік жасайды.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасты психологиялық тұрғыдан дайындаңыз.

3. Дайындық тәртібінің бұзылу салдарынан болатын зардап туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижелерінің дұрыс болмауы).

4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға жүргізілетінін ескертіңіз.

5. Зерттеуге 3 күн қалғанда метеоризмнің алдын алу үшін науқасқа шлаксыз диета тағайындалады.

Қолдануға болмайды: ет, қара нан, жаңа піскен жемістер мен көкөністер, көктер, лобия мен бұршақ, саңырауқұлақтар, жидектер, шекілдеуіктер, жаңғақтар, сүйегі бар тосаптар, сонымен қатар майда сүйекті тосаптар (қарақат, таңқурай), жүзім, киви.

Белсендірілген көмірді қабылдамаңыз!

Қолдануға болады: сорпа, қайнатылған ет, балық, тауық еті, сыр, ақ нан, май, печенье, компот және кисельдер.

Зерттеуден бір күн аалдын:тек сұйық тамақ ішуге рұқсат етіледі (сорпалар, кисельдер, жұмсағы жоқ шырындар).

6. Зерттеуге дейін науқасқа фортране препаратының ерітіндісі. 15-20 кг дене массасына кем дегенде 1 пакет (1 литр ерітінді) тағайындалады.

7.

Дайындық кезеңдері

Зерттеу алдындағы күн

Зерттеу күні

Бір кезеңді дайындық

13.00 – соңғы тамақты қабылдау

15.00 – 19.00 – Фортранеа қабылдау - 4 л ерітіндіге

Зерттеу күннің алғашқы жартысында өтеді.

Екі кезеңді дайындық

15.00 – соңғы тамақты қабылдау

17.00 – 19.00 Фортранс қабылдау

2 л – ерітінді

7.00 – 9.00 – Фортранс қабылдау – 2 л ерітіндіге. Зерттеу күннің екінші жартысында өткізіледі.

8. Науқасты белгіленген уақытта эндоскопия кабинетіне жеткізіп салыңыз (ауру тарихымен).

9. Науқасты зерттеуден кейін палатасына алып барыңыз, бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

Ескерту:

- тоқ ішекті нәжістен, сұйықтықтан және кілегейден тазарту – дайындықтың басты міндеті болып табылады, оның шешімі зерттеу жетістігін қамтамасыз етеді;

- зерттеу табысты болуы үшін ішекті нәжіс массасынан толығымен тазарту керек. Фортране клизмалар мен кастор майына қарағанда ішекті тиімдірек және қауіпсіз дайындайды;

- үйлесімділікті өзгертуге (сұйықтық мөлшерін кемітуге) БОЛМАЙДЫ!

- ерітіндіні біртіндеп ішіңіз, 1 сағатта 1 литр, 15 минутта бір стаканнан бір жұтымдап;

Ерітіндіні қабылдағаннан кейін бір сағаттан соң науқастың нәжісі сұйылады;

- Фортраненің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң мөлдір немесе әлсіз түсті сұйықтық шығару арқылы ішектің босатылуы аяқталады;

- зерттеуге 3-4 сағат қалғанға дейін Фортранені қабылдауды тоқтату керек;

- ерітіндінің дәмі тәттілеу. Фортране дәмін жақсарту үшін оған цитрус шырынын сығып, салқындатып ішкен дұрыс.