Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. ««Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

157. Стандарт «Бактериологиялық зерттеуге «Сұйық нәжістен» пробиркаға нәжіс алу

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек жұқпалы аурулары.

Дайындау қажет: мақта-дәке тампондарымен тығыз жабылған, материал алу үшін темір ілгекке өзек қондырылған стерильді пробирка, судно немесе горшок, қолғап, маска, форма бойынша жолдама, стеклограф, штатив, тасылмаудаға арналған контейнер немесе бикс, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробиркаға стеклографпен белгілеңіз.

5. Пробирканы штативке орнатыңыз.

6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті пробиркадан алыңыз (пробирканы тығыз жапқан мақта-дәке тампонының тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

8. Стерильді тік ішектік ілгекпен "сұйық нәжістен" жаңа бөлінген нәжістің әр түрлі 3-5 жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

9. Тік ішектік ілгекті нәжісімен стерильді шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Пробирканы тығынымен тығыз жабыңыз.

10. Пробирканы штативке, штативті поролонмен тығыздап бикске қойыңыз.

11. Биксті "кілтке" жабыңыз.

12. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.

Ескерту:

- нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, "сұйық нәжістен", тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

- материалды зертханаға жеткізгенше тоңазытқышта t-4-60С сақтайды;

- материалды антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдеу алдында алу алады.

XIV«Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

158. Стандарт «Бактериологиялық зерттеуге тік ішектен нәжіс алу»

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын анықтау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары.

Дайындау қажет: стерильді мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған пробирка, материалды алуға арналған өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампоны, қолғап, маска, форма бойынша жолдама, клеенка, стеклограф, штативт, тасылмаудаға арналған контейнер немесе бикс, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріңіз, емшараға келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробирканы стеклографпен белгілеңіз.

5. Пробирканы штативке орнатыңыз.

6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесіне жартылай бүгіп жатқызыңыз.

7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті пробиркадан шығарып алыңыз.

8. Сол қолдың I және II саусақтарымен науқастың бөксесін алшақтатыңыз, ал оң қолмен абайлап анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сонан кейін омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

9. Тік ішектің қабырғасынан (өзегінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сонан кейін абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

10. Пробирканың шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне тигізбей ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

11. Пробирканы штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

12. Биксті "кілтке" жабыңыз.

13. Қолғапты, масканы, шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз.

Ескерту: материалды зертханаға жеткізгенше t-4-60С тоңазытқышта сақтау керек.