Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

155. Стандарт «Жасырын қанды анықтауға нәжіс алу»

Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырын қан кетуді анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындағы Ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.

Дайындау қажет: құрғақ таза мойны кең 20-50 мл шыны ыдыс (пенициллин құтысы), судно, қалақша (ағаш, шыны), зат белгісін жазып, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Зерттеуге нәжіс жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын талдауға дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы тиіс (рационнан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, анар, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бромы бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).

2. Науқасқа зерттеу алдында таңертең нәжіс жинау керек екенін айтыңыз

3. Науқастан немесе жанұя мүшелерінен басқа да қан кету көздерінің болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кету, қанды қақырық, тік ішектің айналуы, етек кір келу), олар жалған оң нәтиже береді.

4. Оңды нәтиже болған жағдайда нәжіске қанның түсуін болдырмайтын нұсқау беріңіз:

- 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;

- егер науқастың мұрнынан немесе геморройынан қан кетсе, онда зерттеу жүргізілмейді.

5. Нәжіс жинау алдында резеңке қолғап киіңіз.

6. Науқасқа ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болуы тиіс екенін түсіндіріңіз.

7. Дефекация актісінен кейін нәжістің әр жерінен 5-10 г нәжісті қалақшамен алып, контейнерге салып, қақпағын жабыңыз.

8. Ішінде нәжісі бар контейнерді зертханаға жолдамасымен жіберіңіз.

9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

10. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

156. Стандарт «Қоректі ортасы бар Петри табақшасына бактериологиялық зерттеулерге «сұйық нәжістен» нәжіс алу

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын анықтау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.

Дайындау қажет: қоректі ортасы бар Петри табақшасы, стерильді түтікшедегі стерильді ректальді (сым) ілгек, нәжіс алуға арналған судно немесе горшок, қолғап, маска, форма бойынша жолдама, стеклограф, бикс, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолынызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Халатты, масқаны және қолғапты киіңіз.

3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.

5. Науқасты горшоққа немесе судноға отырғызыңыз.

6. Оң қолыңызбен түтікшеден тік ішектік ілгекті алыңыз.

7. Стерильді тік ішектік ілгекпен "сұйық нәжістен" жаңа бөлінген нәжістің әртүрлі 3-5 жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

8. Петри табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

9. Петри табақшасының қоректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті қоректі ортаның бетіне 1,5-2 см көлемді "тегістік жер" жасап, (абайлап, қоректі ортаны тырнамай) бір қалыпты етіп жағыңыз.

10. Стерильді тік ішектік ілгекпен "тегістікке" қоректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бұрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.

11. Петри табақшасын өсіндімен бірге 370С жылулықтағы термостатқа немесе бикске салыңыз.

12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

13. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бірге бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.

Ескерту:

- нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, "сұйық нәжістен", тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибриозды қабыршықтарды алады;

- материалды зертханаға жеткізгенге дейін тоңазытқышта t 4-60С сақтайды;

- материалды антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдер алдында алады.