Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

153. Стандарт «Копрологиялық зерттеуге нәжіс алу»

Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микросопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: 20-50 мл кең мойынды бір рет қолданылатын ыдысты (пеннициллин құтысын), судноны, шыны қалақшаны, зат белгісін жазып контейнерге жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Зерттеу алдында науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Зерттеуден 3 күн алдын темірі бар тағам заттары (ет, балық, көкөністің барлық түрлері) қолданыстан шығарылатынын; нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылатынын науқасқа айтыңыз, 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

3. Ас қорыту дәрежесін зерттеу қажет болған жағдайда, нақты мөлшерде анықталған азық-түлік жиынтығынан тұратын емдәмді (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжісті зерттеуден 5 күн алдын қолданған дұрыс, 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.

4. Нәжісті зерттеу күні таңертең алынатынын науқасқа түсіндіріңіз.

5. Науқасқа зерттеуге нәжіс жинау іс-әрекеттерін үйретіңіз:

- нәжісті алар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

- ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжіс алады және оны әзірленген ыдысқа салып, қақпағын жабады.

6. Науқас қолғапты шешіп контейнерге салады, қолын жуып, құрғатады.

7. Нәжісі бар ыдысты жолдамасымен бірге клиникалық зертханаға жеткізіңіз. Жолдамада бөлімшені, палата №, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.

Ескерту:

- тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша құрамында дәл мөлшерленіп анықталған азық-түлік жиынтығы бар Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалан жөн;

- клизма жасағаннан кейін, балауыздарды және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

154. Стандарт «Гельминттер жұмыртқасын анықтауға нәжіс алу»

Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.

Қолдану көрсетілімдері: гельминттер түрін және ішек құртының түрлерін анықтау.

Дайындау қажет: құрғақ таза мойны кең 20-50 мл шыны ыдыс (пенициллин құтысы), судно, қалақша (ағаш, шыны), зат белгісін жазып, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Зерттеуге нәжіс жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2. Науқасқа зерттеу алдында таңертең нәжіс жинау керек екенін айтыңыз.

3. Науқасқа нәжіс жинау іс-әрекеттерін үйретіңіз:

- науқас нәжісті алар алдында қолғапты киюі тиіс;

- үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, науқас нәжістің әртүрлі үш жерінен 3-5 г нәжісті қалақшамен алып, алдын ала әзірленген контейнерге салып, қақпағын жабуы тиіс.

4. Науқас қолғапты шешіп, контейнерге салуы керек, қолын жуып, құрғатуы тиіс.

5. Контейнер ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық зертханаға жеткізіңіз (30 минуттен кешіктермей).

Ескерту: емді бақылау үшін құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.