Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

151. Стандарт «Бактериологиялық зерттеуге зәр алу» (ерлерден)

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдыкты анықтау, науқасты өз бетімен несеп жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: жылы қайнаған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған контейнерді, зертханаға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Мейірбикенің іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасты зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабардар етіңіз.

2. Қағаз сүлгіні төсеңіз, қағаз салфеткаларын жайыңыз, несеп жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

3. Науқастан дәретхана бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешуінуін сұраңыз.

Науқастың іс-әрекеттер алгоритмі:

4. Қолыңызды сабындап, жылы суда жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

5. Жыныс мүшесінің басын артық теріден босатып, сабындап сумен жуыңыз.

6. Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.

7. Салфеткаларды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

8. Несеп жинауға арналған контейнерді алыңыз, оның ішкі бетіне және қақпағына тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

9. Несеп жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын каналдың тесігіне жақын ұстаңыз.

10. Зәр ағымының "алғашқы бөлігін "1","2" есебінде унитазға жіберіңіз, сонан кейін зәр шығаруды тоқтатыңыз.

11. Контейнерді қойып зәр ағымының "ортаңғы бөлігінен" 10-15 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

12. Контейнердің қақпағын жабыңыз,

13. Ыдысты қағаз сүлгісінің үстіне қойыңыз.

14. Қолыңызды жылы суда сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

15. Киініңіз.

16. Зәрі бар контейнерді мейірбикеге беріңіз.

Ескерту:

- бикстегі зәрді жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз;

- материалды зертханаға жібергенге дейін тоңазытқышта 4-60C температурада сақтайды;

- микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылдағанға дейін және қарқынды несеп бөліп шығарғанға (диурез) дейін қалыпты су ішу тәртібінде тағайындайды;

- егер табиғи жолмен зәр жиналмаса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

152. Стандарт «Зерттеуге нәжіс жинау ережесі»

Нәжісті талдау – ас қорыту мүшелері ауыратын науқастарды зерттеудің негізгі маңызды бөлігі болып табылады.

Нәжісті талдауға қақпағы жақсы жабылатын мойны кең бір рет қолданылатын шыны ыдыс қажет. Ыдыс таза, құрғақ, түссіз, жақсы жабылатын болуы тиіс және зарарсыздандыру мен жуу құралдарының қалдықтары болмауы керек. Қағаз, картон, сіріңке қораптарын қолдануға болмайды, өйткені олардан қолға және жанасқан жерлерге ауру жұғуы мүмкін, талдау нәтижелері дұрыс болмауы мүмкін.

Жұмыс істеу барысында сақтық шараларының бәрі сақталуы тиіс, өйткені нәжісте патогенді ағзалар болуы мүмкін (вирустар, бактериялар, жәй гельминттер).

Нәжіс кеуіп қалмауы үшін және паразиттерді анықтау үшін зерттеуге алынған нәжіс жеткілікті мөлшерде болуы тиіс (10 мл сұйық, 1 үлкен шәй қасық қою). Зерттеуге бір дефекациядан алынған, жаңа шыққан нәжісті көлемі мен кеңдігі жеткілікті таза құрғақ шыны ыдыста 15-20 минутта жеткізеді, өйткені сыртқы қоршаған ортада вегетативті формалар тез жойылады. Нәжісте өзге заттар болмауы тиіс.

Нәжісті жәй гельминттерге зерттеу 2-3 күн сайын 4-5 рет алынады.

Егер нәжісті тез арада зерттеу мүмкіндігі болмаса, оны тоңазытқышта немесе салқын жерде бірнеше сағат ұстауға болады. Сақтау барысында нәжісті тікелей күн сәулесінен және ыстықтан сақтау керек.

Зертханалық мәліметтер дәл болуы үшін мейірбике науқасқа нәжісті дұрыс жинау ережесін түсіндіруі тиіс.

Науқас нәжісті жинау алдында келесі жағдайларды білуі тиіс:

1. Нәжістің түсіне әсер ететін препараттарды (темір, висмут, барии, танин, карболен) қолдануға болмайды.

2. Ішек перистальтикасын өзгертетін препараттарды қолдануға болмайды (атропин, кофеин, пантопон, белладонна, пилокарпин).

3. Кастор майын, вазелин майын, бояғыш заттарды қолдануға болмайды.

4. Балауызды (суппозиториилерді) қолдануға болмайды

5. Клизмаларды қояға болмайды.

6. Ішке жылыт қоюға болмайды және басқа жылыту емшараларын (физиотерапевтикалық) қабылдауға болмайды.

Аталған медикаменттер мен медік шаралар вегетативті жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін, ішектің қан айналымын өзгертуі мүмкін, ол нәжістің сыртқы түріне, пішініне және құрамына әсер етуі мүмкін.

Нәжіс талдауының нәтижесі бойынша паразиттердің, микроорганизмдердің болуы немесе болмауы туралы, ішектің ас қорыту (ферментативтік) функциясы туралы, көзге көрінетін және көрінбейтін қанның болуы немесе болмауы туралы, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары және т.б. туралы қорытынды шығаруға болады.