Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

149. Стандарт «Билирубинді тест-жолағымен анықтау»

Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы гепатиттер.

Дайындаңыз: жаңа жиналған зәрді, тест-жолағын, пробирканы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Науқасқа ыдысқа несеп жинауды үйретіңіз.

3. Ораудан тест-жолағын шығарып, ораудың қақпағын жылдам жабыңыз.

4. Қолғапты киіңіз.

5. Зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз.

6. Зәрді араластырыңыз, оған тест-жолағын салып, жылдам шығарып алыңыз.

7. Тест-жолағының ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зартық зәрді кетіріңіз.

8. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: жаңа жиналған зәрді күн сәулесінен сақтау керек, өйткені сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады.

Қалыпты жағдайда билирубин зәрде анықталмайды.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

150. Стандарт «Бактериологиялық зерттеуге зәр алу» (әйелдерден)

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетімен несеп жинауға үйрету.

Қолдану керсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: жылы қайнаған суды, сабынды, кағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған бір рет қолданылатын контейнерді, зертханаға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Мейірбикенің іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы мәлімет беріңіз.

2. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар контейнерді қойыңыз.

3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.

Науқастың Іс-әрекеттер алгоритмі:

4. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

5. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтараңызды алшақтатыңыз. Емшара аяқталғанға дейін саусақтарыңызбен жыныс еріндерін және зәр шығару каналының тесігін ашып отырыңыз.

6. Қайнаған сумен және сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.

7. Салфеткаларды кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

8. Несеп жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.

9. Зәр шығару каналы тесігінің жанынан несеп жинауға арналған контейнерді ұстаңыз.

10. Зәр ағымының "алғашқы бөлігін" угитазға "1", "2" есебінде жіберіңіз, сонан кейін зәр шығаруды тоқтатыңыз.

11. Зәр ағымының "ортаңғы бөлігінің" 10-15 мл-дей ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

12. Контейнерді қақпақпен жауып, қағаз сүлгісінің үстіне қойыңыз.

13. Қолынызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

14. Киініңіз.

15. Зәрі бар контейнерді мейірбикеге беріңіз.

Ескерту:

- зәрді биксте жолдамасымен бірге 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз;

- материалды жібергенге дейін тоңазытқышта t4-60C сақтау керек.

- зәрдің микрофлорасын зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылданғанға дейін және жеделдету диурезіне дейін қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;

- егер зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.