Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

147. Стандарт « Глюкозуриялық бейінге несеп жинау»

Мақсаты: қант диабетінің диагностикасы (зәрдегі глюкоза деңгейін анықтау).

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Дайындау қажет: 3 контейнера однократного применения с крышками емкостью 200 мл для транспортировки мочи в лабораторию; 3 чистые сухие стеклянные банки (вместимость емкостей подбирают с учетом привычного для Науқасты диуреза в течение дня).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Науқас кәдімгі ас-су және қозғалыс режимін сақтауы тиіс, диуретиктер қабылдамауы керек.

3. Сиымдылығы 500 мл қақпағы бар 3 таза шыны банкіні дайындаңыз, затбелгісін жапсырыңыз (науқастың ТАӘ, зәрді жинаған уақыты 8.00 - 14.00, 14.05 - 22.00, 22.05 - 8.00 (банкінің көлемі диурезге байланысты).

4. Сиымдылығы 200 мл қақпағы бар 3 контейнерді дайындаңыз, затбелгісін жапсырыңыз (науқастың ТАӘ, зәрді жинаған уақыты 8.00 - 14.00, 14.05 - 22.00, 22.05 - 8.00, зәрдің мөлшері).

5. Науқас таңғы сағат 8-00 қуығын унитазға босатуы тиіс.

6. Сонан кейін науқас сағат 8-ден 14-ке дейін қуығын №1 ыдысқа, 14.00-ден 22.05-ке дейін №2 ыдысқа, 22.05-тен келесі күнгі таңғы 8.00-ге дейін №3 ыдысқа босатуы тиіс. Зәрі бар ыдыстар салқын жерде сақталуы тиіс.

7. Қолғапты киіңіз.

8. Әрбір ыдыстағы зәрдің мөлшерін анықтаңыз, нәтижесін жолдама бланкіне жазыңыз.

9. Жиылған зәрді үлкен ыдыста араластырыңыз, сонан кейін бір рет қолданылатын контейнерлерге 200 мл-ден құйыңыз, қақпақтарын жабыңыз.

10. Зәрді толтырылған жолдамасымен бірге зертханаға жеткізіңіз.

11. Зәрдің қалғанын унитазға төгіңіз.

12. Қолғапты КБСУ ыдысына тастаңыз, банкілерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

13. Науқасқа үй жағдайында өз бетімен несеп жинауды үйретіңіз.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

148. Стандарт «Розин сынамасын жүргізу» (зәрдегі билирубиннің сапалық сынамасын анықтау)

Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы гепатит.

Дайындаңыз: 1 % спирттік йод ерітіндісін (сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 1 г кристалды йодты 20-30 мл 96 % спирт – ректификатпен ерітіп, белгіге дейін құяды), немесе Люголь ерітіндісін, таза құрғақ, шыны пробирканы, тамызғышты, несеп жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған ыдысты.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Науқасқа ыдысқа несеп жинауды үйретіңіз.

3. Қолынызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. 4-5 мл зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз, оны еңкейтіп ұстаңыз.

5. Пробирканың қабырғасы бойымен 1% спирттік йодты немесе Люголь ерітіндісін тамызғышпен тамызыңыз.

6. Қараңыз: пробиркадағы ерітінділердің арасында жасыл сақина пайда болады (егер билирубин болса).

7. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

8. Қолданған тамызғышты, пробирканы, несеп жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.