Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Іс әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Зәрді жинауға контейнер беріңіз.

2. Таңертең жаңа бөлінген зәрдің 100-200 мл мөлшерін контейнерге жинаңыз.

3. Зертханаға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).

4. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде зертханаға жеткізіңіз.

Диастазаға жиналған зәрдің клиникалық маңызы

Қалыпты зәрде диастаза аз мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының артуы ұйқы безінің патологиясының және өт жолдары ауруының бар екенін білдіреді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

145. Стандарт «Қант мөлшерін анықтауға несеп жинау»

Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Дайындаңыз: бір рет қолданылатын контейнерді, сыйымдылығы 3 л банкіні, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, затбелгісін жазып, жапсырыңыз (бөлімі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, мейірбикенің қолы), қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Зерттеуге несеп жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы тиіс.

3. 3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жансырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл т.с.с.).

4. Науқас бір тәулікте бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге жинауы тиіс (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

5. Қолғапты киіңіз.

6. 3 литрлік банкідегі бір тәуліктік диурезді (зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.

7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді шыны таяқшамен мұқият араластырыңыз.

8. 100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз.

9. Зертханаға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, күнін, бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).

10. Жиналған зәрді клиникалық зертханаға жеткізіңіз.

11. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- қалыпты зәрде глюкоза із түрінде болады, 0,02 % промильден аспайды. Зәрде қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

- физиологиялық глюкозурия көмірсу тағаммен көп мөлшерде енгенде, эмоционалдық шиеленістен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар) байқалады.

- патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

146. Стандарт «Несептегі глюкозаны тест-жолағымен анықтау»

Мақсаты: несептегі глюкозаны анықтау.

Қолдану көрсетілемдері: қант диабеті.

Дайындаңыз: зәрді, тест-жолағын.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Науқасқа ыдысқа несеп жинауды үйретіңіз.

3. Ораудан тест-жолағын шығарыңыз, ораудың қақпағын жылдам жабыңыз.

4. Резеңке қолғапты киіңіз.

5. Жаңа бөлінген зәрді араластырыңыз, оған тест-жолағын салып, жылдам шығарып алыңыз.

6. Тест-жолағының ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, артық зәрді кетіріңіз.

7. Тест аумағының түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- қалыпты нәтижиде - кері реакция, зәрдегі глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде глюкоза анықталады (глюкозурия).