Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

143. Стандарт «Зимницкий сынамасына несеп жинау»

Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік (күндізгі және түнгі) диурезді анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолдыналатың 8 контейнерді, жолдаманы жазып әрбір контейнерге жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты, порцияның №, жинау уақыты, күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Зерттеуге несеп жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; науқас сұйықтықты қолдануды тәулігіне 1,5 литрге дейін шектейді, өйткені диурез артпауы тиіс және зәрдің салыстырмалы тығыздығы төмендемеуі керек, несеп жинау барысында бір тәулікте ішілген сұйықтықтың мөлшері есептеінеді.;

2. Таңертен сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы тиіс.

3. Сонан кейін әрбір 3 сағат сайын нөмірленген жеке банкілерге зәрді жинаңыз.

№1 порция - сағат 6-дан 9-ға дейін,

№2 порция - сағат 9-дан 12-ге дейін,

№3 порция - сағат 12-ден 15-ке дейін,

№4 порция - сағат 15-тен 18-ге дейін,

№5 порция - сағат 18-ден 21-ге дейін,

№6 порция - сағат 21-ден 24-ке дейін,

№7 порция - сағат 24-тен 3-ке дейін,

№8 порция - сағат 3-тен 6-ға дейін.

4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы тиіс.

5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға жеткізіңіз.

Ескерту:

- Егер дайындалған банкіге зәр сыймай қалса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртына"қосымша зәр порциясы №" белгісін қояды.

- порцияның біреуінде зәр болмаса талдауға бос банкі жіберіледі.

Зимницкий сынамасы - бұл бүйрек қызметінің сынамасы, ол зәр мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат сайын 8 үлесті бір тәулік бойы аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және ол клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен ауыратын адамдар үшін кеңінен қолданылады.

Әрбір үлестің меншікті салмағы бойынша меншікті салмақ мөлшерінің тербелу ауқымын және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшерін анықтайды.

Зәрдің жеке үлестерінің мөлшерін салыстырып әрбір жеке үлес мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды.

Қалыпты бүйрек қызметіне:

- Тәулікті диурез шамамен 1,5 л болады.

- Тәулік бойы ішкен сүйықтықтың 60-80 % зәрмен бөлінеді.

- Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

- Бір үлестің меншікті салмағы 1,020 - 1,025 төмен болмауы.

- Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербелуі тән.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

144. Стандарт «Диастазаға несеп жинау»

Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).

Қолдану көрсетілімдері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнер, әрбір контейнерге затбелгісін жазып, жапсырыңыз (бөлімі, палатаның №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, м.б қолы).