Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

141. Стандарт «Жалпы клиникалық талдауға несеп жинау»

Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиеттеріне, химиялық құрамына және зәр тұнбасының микроскопиясын бағалау.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу.

Дайындаңыз: кең мойынды қақпағы бар бір рет қолданылатын шыны банканы, зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды. Жолдаманы жазып, банканың сыртқы бетіне жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, нақастың аты жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Несеп жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

3. Науқасқа зәрді жинауға арналғаныдысты дұрыс дайындауға үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Науқасқа несеп жинауға арналған таңбаланған контейнерді беріңіз.

6. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартты қараңыз).

7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға "1,2" есебінде бөліп шығаруы тиіс және қалған зәрін ұстап тұруы қажет.

8. 100-200 мл зәрді әзірленген контейнерге жинаңыз, қалған зәрді унитазға шығарыңыз.

9. Контейнердің қақпағын жабыңыз.

10. Зертханаға жолдама толтырыңыз. Бөлімін, палатасының нөмірін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.

11. Алынған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға жіберіңіз.

12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

13. Амбулаторияда несеп жинау барысында науқасқа жыныс мүшелерін жуу техникасын үйретіңіз, оған және оның туыстарына зәрі мен жолдамасы бар контейнерді қайда және қай уақытта алып бару керектігін, қай жерде қалдыру керектігін және кімге айтатынын түсіндіріңіз.

Ескерту:

- әйелдің етеккірі келген кезінде зерттеуге зәрді катетер арқылы алады;

- зерттеуге дейін зәрді тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

142. Стандарт «Нечипоренко әдісімен несеп жинау»

Мақсаты: диагностикалық: жасуша элементтерінің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, жолдаманы контейнердің сыртқы бетіне жазып, жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Зерттеуге несеп жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуыңыз (стандартты қараңыз).

4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға (зәр қабылдағышқа, судноға) "1,2" есебінде бөліп шығаруы тиіс және қалған зәрді ұстап тұруы қажет.

5. Әзірленген контейнерге 50 мл мөлшерінде зәр ағымының ортаңғы порциясын алыңыз.

6. Жолдаманы толтырыңыз. Бөлімін, палатасының нөмірін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.

7. Алынған зәрді зертханаға жіберіңіз.

8. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: зәрді тәуліктің кез-келген уақытында зерттеуге болады.

Нечипоренко әдісі – лейкоциттерді, эритроциттерді және цилиндрлерді анықтаудың осы сандық әдісі, тұнба микроскопиясына қарағанда объективті. Белгісіз, жасырын өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерінің диагностикасында, науқастарды бақылау және емдеу тиімділігін бақылауда осы әдістің маңызы өте үлкен.

Формалы элементтердің қалыпты көрсетілімдері:

- лейкоциттер - 1 мл-де 4000-ға дейін;

- Эритроциттер - 1 мл-де 1000-ға дейін;

- Цилиндрлер - жоқ.