Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. ««Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

140. Стандарт «Зерттеуге несеп жинау ережесі»

Несепті таза, құрғақ, бүтін, мойны кең ыдысқа жинайды, ыдыста зарарсыздандыру және жуу құралдарының қалдығы болмауы керек. Ыдысты сода ерітіндісімен жууға болмайды (несеп тез тотығады).

Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын зерттеу, жұқпалы ауруларға күдік болу.

Дайындау қажет: дәке тампондарымен аузы тығыз жабылған стерильді пробиркалары бар штатив, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып салынған өзекше, крафт пакетіндегі стерильді шпатель, лоток, пробиркаларды тасымалдауға арналған бикс, жолдама бланкі, пробиркаларды таңбалауға арналған стеклограф, қолғап, маска, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз (МБ, бөлімі, палатаның №, науқастың ТАӘ, жасы, ауру тарихының №, зерттеу мақсаты, талдау алу күні, м/б қолы).

3. Жолдама нөміріне сәйкес пробирканы стеклографпен таңбалаңыз: «ЖҰТҚЫНШАҚ №1», пробирканы штативке орнатыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз.

7. Сол қолыңыздың IV-V саусақтарының арасына тампоны бар стерильді пробирканы алыңыз, қалған үш саусағыңызбен шпательді ұстаңыз.

8.Науқастан аузын барынша ашуын өтініңіз, шпательмен тілінің түбін төменге және алдына қарай басып, тілді жылжымайтындай етіп мықтаңыз.

9. Оң қолыңызбен тығынынан ұстап, пробиркадан стерильді тампоны бар өзекшені алыңыз.

10. Жақтың шырышты қабатына, тіске, тілге, таңдайға тигізбей тампонды ауыз қуысына енгізіңіз.

11. Таңдай мен бадамша бездерінен келесі реттілікпен сілекейді тампонмен сүртіп алыңыз: оң бадамша безі мен таңдайдың оң жағы, тіл, сол бадамша безі, таңдайдың сол жағы және жұтқыншақтың артқы қабырғасы.

12. Ауыздың шырышты қабатына, тіске, тілге тигізбей ауыз қуысынан тампонды шығарып алыңыз, оны пробирканың сырты мен ішкі қабырғаларына тигізіп алмай ішіне салыңыз, аузын мықты жабыңыз.

13. Шпательді ауыз қуысынан шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Штативті пробиркаларымен биксқа салып, құлыптап қойыңыз.

15. Қолғапты, масканы шешіп, КБСУ ыдысына салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

17. Алынған бикстағы материалдарды жолдамасымен бірге 2 сағаттан кешіктірмей бакзертханаға жіберіңіз немесе бактериологиялық зертханаға жібергенге дейін t°- 37°С термостатқа қойыңыз.

Ескерту:

- жұтқыншақтан материалды таңертең, ашқарынға немесе ас-су қабылдаған соң 2 сағаттан кейін, тамамқты шайып, тіс жуғанға дейін (дәрілік препараттарды қабылдағанға дейін) алады;

- науқасты дұрыс дайындағанда және жағындыны дұрыс алғанда бакзерттеулердің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады;

- анық байқалған жергілікті өзгерістерде материалды солжерден және басқа жерлерден екі тампонмен алады.