Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

138. Стандарт «Жұтқыншақтан жағынды алу»

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдіктенген жағдайда.

Дайындаңыз: дәке тампондарымен тығыз жабылған стерильді пробиркалары бар штатив; құрғақ мақта тампондары бар өзекше, крафт пакетіндегі стерильді шпатель, лоток, пробиркаларды тасымалдауға арналған бикс; жолдама бланкі, пробиркаларды таңбалауға арналған стеклограф, қолғап, маска, зарарсыздандыру ерітіндіс бар ыдыс, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз (МБ, бөлімі, палатаның ТАӘ, жасы, ауру тарихының №, зерттеу мақсаты, талдау алу күні, м/б қолы).

3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: ЖҰТҚЫНШАҚ №1, пробирканы штативке орнатыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз.

7. Сол қолдың IV және V саусақтарының арасына тампоны бар стерильді пробирканы, ал шпательді қалған үш саусағыңызбен ұстаңыз.

8. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, тілінің түбін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

9. Пробиркадан стерильді тампон оралған өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

10. Тілдің, тістің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына тигізбей тампонды ауыз қуысына енгізіңіз.

11. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, бадамша бездерінен келесі реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ бадамша безі, оң жақ таңдай доғасы, тіл, сол жақ бадамша безі, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы беті.

12. Тампонды ауыздың, тілдің, тістің шырышты қабығына тигізбей ауыздан шығарып алып, пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

13. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндіс бар ыдысқа салыңыз.

14. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті "кілтке" жабыңыз

15. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

17. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бірге бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе бактериологиялық зертханаға жөнелткенге дейін 370C термостатқа орналастырыңыз.

Ескерту:

- жұтқыншақтан жағынды таңертең, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдағанға дейін) алынады;

- науқас дұрыс дайындалған болса және жағынды дұрыс алынса бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады;

- жергілікті өзгерістер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

139. Стандарт «Мұрын қуысынан жағынды алу»

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдіктенген жағдайда.

Дайындаңыз: мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған стерильді пробиркалары бар штатив, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып салынған өзекше, крафт пакетіндегі стерильді шпатель, пробиркаларды тасымалдауға арналған бикс, штатив, стеклограф, жолдама, резеңке қолғап, маска, вазелин майы, турундалар, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз (МБ, бөлімі, палатаның №, науқастың ТАӘ, жасы, ауру тарихының №, зерттеу мақсаты, талдау алу күні, м/б қолы).

3. Жолдама нөміріне сәйкес пробирканы стеклографпен таңбалаңыз: «МҰРЫН-2», пробирканы штативке орнатыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маска мен қолғапты киіңіз.

5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз. Науқастың мұрын қуысын қараңыз.

7. Қажет болса мұрын қуысының алдыңғы қуысын тазартыңыз (науқастан мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарын тазартыңыз. Сонан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

8. Беті жабық "Мұрын-2" пробиркасын сол қолдың III-IV-V саусақтарымен алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ұстап, тампонды (оң қолдың саусақтары тек пробирканы тығынына ғана тиюі тиіс) мақта оралған өзекті шығарып алыңыз.

9. Науқастың мұрнының ұшын сол қолдың саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысына 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғалары мен пердесіне тигізіп енгізіңіз.

10. Мұрын қуысынан тампонды шығарып алыңыз.

11. Пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай тампонды енгізіңіз.

12. Пробирканың тығыз жабылуын қадағалыңыз.

13. Пробирканы штативке орналастырып, сонан кейін биксті "кілтке" жабыңыз.

14. Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

16. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бірге бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.

Ескерту: материалды жеткізілгенге дейін t 4-60C тоңазытқышта сақталуы тиіс.