Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

І. Инфекциялық қауіпсіздік

13. Стандарт I кезең. «Медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру».

Мақсаты: инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Дайындалуы тиіс:

- зарарсыздандыру ерітіндісі;

- таңбаланған және зарарсыздандыру ерітіндісі бар қақпақты 2 ыдыс (1-2 литрлік эмаль кастрюлдер);

- зарарсыздандыру ерітіндісі бар №1 ыдыс, құралдардағы қанды және басқа биологиялық сұйықтықтарды жууға арналған;

- зарарсыздандыру ерітіндісі бар №2 ыдыс, медициналық бұйымдарды зарарсыздандыруға арналған;

- қағаз жапсырма;

- арнайы киім (халат, маска, қолғап);

- тазаланған медициналық бұйымдар;

- лотоктар;

- Арнайы киімді киіңіз: халат, масканы, қолғапты.

- 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітінді дайындалуы тиіс, ыдыстар мен қақпақтарын таңбалаңыз: құралдың атауын, концентрациясын, дайындалу күні мен уақытын көрсетіңіз, медбикенің қолы болуы тиіс.

- №1 ыдыс:

Пайдаланғаннан кейін медициналық бағыттағы өнімдердің ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

зарарсыздандыру ерітіндісін насос әдісімен медициналық бағыттағы өнімдер каналы арқылы үш рет өткізіңіз;

- №2 ыдыс:

Медициналық бұйымдардың ішкі каналдарын зарарсыздандыру ерітіндімен толтырыңыз;

Оларды бөлшектенген түрінде зарарсыздандыру ерітіндіге 60 минутқа толығымен салыңыз;

- ыдыстың қақпағын жабыңыз;

- қағаз жапсырмаға зарарсыздандыру уақыты туралы белгі жасаңыз;

- зарарсыздандыру уақыты өткеннен кейін зарарсыздандыру ерітіндіден медициналық бұйымдарды алыңыз;

- №2 ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндідегі медициналық бұйымдарды 0,5 минут жуыңыз;

- медициналық бұйымдарды лотокқа салыңыз; медициналық бұйымдарды жылы ағынды сумен 0,5 минут жуыңыз;

- қолғапты шешіп, КБСУ ыдысына салыңыз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз; медициналық бұйымдарды әрі қарай тазалау үшін орталық стерилизациялау бөліміне жіберіңіз ( ОСБ).

І. Инфекциялық қауіпсіздік

14. Стандарт II кезең. «Медициналық бұйымдардың стерилизация алдыңғы тазалануы»

Стерилизация алдыңғы тазалау ОСБ-да өтеді.

Мақсаты:

- органикалық белокты, майлы және механикалық ластарды, дәрілердің қалдықтарын тазарту;

- медициналық бұйымдардың стерилизация алдыңғы тазалануының кешенді сапалық бақылауын өткізу.

Дайындалуы тиіс: халат, маска, қолғап, жуу ерітіндісі бар ыдыс, сағат, ескі шүберек немесе дәке тампондар, лотоктар, тазартылған (дистиллированный) суы бар ыдыс, медициналық бұйымдар, азопирам реактиві, пипетка, мақта, мақта-дәке тампондары, «Лотос», «Айна» жуу құралдары, 27,5% сутегі тотығының ерітіндісі.

1. Халат, маска, қолғапты киіңіз.

2. Жуу ерітіндісін, жуу ерітіндісінің құрамын 20°-25°С дейін жылытыңыз.

Жуу ерітіндісінің құрамы

Компоненттер атауы

Ерітінді дайындауға арналған компоненттер мөлшері

Қолданылуы

Жуу құралдары («Айна», «Лотос»),

Ауыз су (см3)

1 литрге 5 грамм

Қолмен тазалауда қолданады

Сутегі тотығының ерітіндісі - 27,5%

17 мл

Механизацияланған (ағынды әдісті, ескі шүберекпен жуу, ультрадыбысты қолдану) және қолмен тазалауда қолданады

Жуу құралдары («Айна», «Лотос»),

Ауыз су (см3)

1 литрге 5 грамм

3. Медициналық бұйымдарды бөлшектеп 15 минутқа жуу ерітіндісіне толығымен батырыңыз; кеңістіктерді, каналдарды алдын ала ерітіндімен толтырып, қақпағын жабыңыз.

4. Әрбір затты 0,5 минут жуу ерітіндісінде ескі шүберекпен (дәке тампондарымен) тазалаңыз.

5. Медициналық бұйымдарды арнайы лотокқа салыңыз.

6. Әрбір бұйымды каналдары, қуыстары арқылы су жіберіп, ағынды су астында 10 минут жуыңыз.

7. Азопирамдық байқау арқылы стерилизация алдыңғы тазалаудың сапалық бақылауын өткізіңіз. Бір тәулік ішінде бірдей тазаланған атауы бір тазаланған бұйымдардың 1%, кем дегенде 3-5 бірлігі бақылауға алынады.

8. Азопирам реактивінің ерітіндісі дайындалуы тиіс (реактивті қолдану мерзімі – дайындалғаннан кейін 2 сағат).

9. Реактивті «для реактива» пипеткасымен медициналық бұйымдарға (корпусына, каналдары мен қуыстарына, биологиялық сұйықтықтар тиген жерлеріне) жағыңыз.

10. Медициналық бұйымдарды мақтамен немесе майлықпен ұстап тұрып, ағып тұрған реактивтің түсін бақылаңыз.

11. Азопирамдық сынаманың нәтижесін бағалаңыз.

Азопирамдық сынаманың нәтижесі

Сынама оңды болғанжағдайда реактив түсінің өзгеруі:

Көкшіл-күлгін түс

Заттарда қан болған жағдайда

Қызғылт түс

Жуу құралдарының қалдықтары болған жағдайда

Қызғылт қоңыр түс

Хлорлы тотықтырғыштар, тот басу болған жағдайларда

Боялған жағдайларда (1 минуттың ішінде) реакция оңды болып есептеледі.

Кештеу (1 минуттан кейін) боялған жағдайлар есептелмейді.

Реакция қанға оңды болған жағдайда, тазартылған бұйымдардың бәрі, жуу ерітіндісіне батыру кезеңінен бастап, қайта тазалаудан өтуі тиіс.

Синтетикалық жуу құралдарына, зарарсыздандыру құралдарына сынама оңды болған жағдайда, тазартылған бұйымдардың бәрі, ағынды сумен шаю кезеңінен бастап, қайта тазалаудан өтуі тиіс.

Теріс реакция болған жағдайда реактивтің түсі өзгермейді.

Ескерту: азопирам тоңазытқышта 2 ай, бөлме температурасында – 1 ай сақталады. Ерітінді дайын болысымен бір рет қолданылуы тиіс.

12. Медициналық бұйымдарды тазартылған сумен 0,5 минут жуыңыз.

13. Медициналық бұйымдарды ылғал толық жойылғанша, қуыру шкафында 85°С температурада құрғатыңыз.

14. Медициналық бұйымдарды стерилизацияға ораңыз.