Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

136. Стандарт «Бактериологиялық зерттеуге қақырық жинау»

Мақсаты: диагностикалық: ауру қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілемдері: туберкулез және басқа жұқпалы аурулар.

Дайындаңыз: сиымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес, мөлдір жабылатын қақпағы бар стерильді арнайы шыны контейнерді, металл биксті, қайнаған суы бар ыдысты (суытылған), салфетканы, жолдама бланктерін, қаламды, стеклографты, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған кантейнерді.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қақырықты зерттелетін күні таңертен ашқарынға жинаңыз.

2. Түкіргішті немесе банкіні нөмірлеңіз.

3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

4. Қолынызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Қолғапты және масканы киініз.

5. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

6. Науқаспен зерттеуге қақырық жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз.

7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиіс екенін, қолымен немесе аузымен контейнердің шетіне тимеуін ескертіңіз.

8. Науқастан:

- таңерте, қақырық жинаудан 2 сағат бұрын тісін тазалауын;

- ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнаған салқын сумен шаюын;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- контейнердің қақпағын ашуын;

- аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең тыныс алып және 3 рет терең тыныс шығарып тұрып, қатты жөтеліп өкпенің терең бөліктерінен контейнерге қақырықты шығаруын;

- қақырық жинайтын контейнерді төменгі еріннің тұсында ұстап, контейнердің шетіне тигізбей қақыруын өтініңіз.

9. Контейнердің қақпағын бұрап жабыңыз.

10. Контейнердің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.

11. Жиналған қақырықты қараңыз, контейнерді металл бикске орналастырыңыз.

12. Қақырықты бактериологиялық зертханаға 2 сағат ішінде жеткізіңіз.

13. Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

14. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- қақырық бөлу қиыңдаған жағдайда, қақырық бөлетін дәрі-дәрмектер тағайындалғаннан кейін жинайды;

- қақырықты антибиотектерді тағайындағанға дейін жинау қажет.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

137. Стандарт «Жеке түкіргішті қолдану»

Мақсаты: қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, өкпе туберкулезі, әртүрлі зарттеулерге қақырық жинау.

Дайындаңыз: стерильді қалта түкіргішін (мойны кең белгісі бар қоңыр шыныдан жасалған ыдысты бұрандалы қақпағымен), дезинфектанттарды.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Нақаспен жеке түкіргішті қолдану туралы әңгімелесіңіз.

2. Науқасқа қақырықты жинауға арналған таза, құрғақ жеке түкіргішті беріңіз.

3. Түкіргіштің 1\4 бөлігін дезинфектантпен толтырыңыз (қақырықты зарарсыздандыру үшін).

4. Науқасқа қақырықты түкіргіштің 3\4 көлемі белгісіне дейін толтыру қажеттілігін түсіндіріп, түкіргішті беріңіз.

5. Түкіргіш толған соң түкіргіштегі қақырықтың үстінен зарарсыздандыру ерітіндісін 4 сағатқа құйып зарарсыздандырыңыз.

6. Түкіргіштегі қақырықты зарасыздандыру ерітіндісімен канализацияға төгіңіз (туберкулез диспансерлері мен ауруханаларда қақырықты арнайы пештерде өртейді).

7. Түкіргішті ағынды судың астында жуып, оны белгілі бір уақытқа медицина мекемелерінде қолданылатын дезинфектантқа салыңыз.

8. Түкіргішті ағынды судың астында жуыңыз, құрғатыңыз және оны таза түкіргішті сақтауға арналған шкафқа қойыңыз.