Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Хiv. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау»

133. Стандарт «Жалпы клиниқалық талдауға қақырық жинау»

Мақсаты: қақырықтың физиқалық- химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелері мен жүрек-қан тамырлары жүйелерінің аурулары.

Дайындау қажет:

- 50-100 мл таза мөлдір шыны аузы кең банка;

- банканың сыртқы қабырғасына жолдаманы жазып, жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін);

- 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі температурасы -37 С қайнаған су.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алыңыз.

2. Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) ас қабылдағанға дейін алынады.

3. Науқастан:

- таңертең қақырық жинаудан 2 сағат бұрын тісін тазартуын;

- қақырық жинау алдында ауыз қуысын және жұтқыншағын қайнаған сумен шаюын;

- тік тұруын немесе отыруын;

- қақырық жинауға арналған банкіні төменгі ерін тұсында, оған тигізбей ұстауын;

- бірнеше рет терең тыныс алуын және тыныс шығаруын, сонан кейін жөтелуін;

- оның 3-5 мл мөлшерін банкіге жинауын;

- қақырығы бар банкіні қақпақпен жабуын өтініңіз.

4. Жиналған қақырықты қарап шығыңыз, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.

Ескерту:

- егер жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл кем болса, қақырық жинау рәсімін қайталау қажет;

- науқасқа қақырынған кездегі қақырық емес, тек жөтелгенде бөлінген қақырықтың зерттеуге жататынын ескерту керек.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

134. Стандарт «Атиптік жасушаларға қақырық жинау»

Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісіктің жасушаларын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдіктену.

Дайындау қажет: 50 -200 мл таза мөлдір шыны аузы кең банка; банканың сыртқы қабырғасына жолдаманы жазып, жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін). Зертханаға жіберілетін жолдаманы толтырыңыз, онда бөлімін, палатасының №, науқастың ТАӘ, жасын, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеуге қақырық жинау ережесі туралы мәмліметті беріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Қақырықты ерте таңертең (ашқарынға) ас қабылдағанға дейін жинау қажет.

3. Науқастан:

- таңертең қақырық жинаудан 2 сағат бұрын тісін тазартуын;

- қақырық жинау алдында ауыз қуысын және жұтқыншағын қайнаған сумен шаюын;

- тік тұруын немесе отыруын;

- қақырық жинауға арналған банкіні төменгі ерін тұсында, оған тигізбей ұстауын;

- бірнеше рет терең тыныс алуын және тыныс шығаруын, сонан кейін жөтелуін өтініңіз.

4. Бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнерге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

5. Жиналған қақырықты қарап, бір сағаттан кешіктірмей зертханаға жіберіңіз, өйткені атиптік жасушалар жылдам бұзылады.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

135. Стандарт «Ауруханада туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу жасау үшін қақырық жинау»

(ҚР Үкіметінің 12.01.2012 ж. № 33 Жарғысы

ҚР ДМ 2011 ж. № 218 бұйрығы)

Мақсаты: турбекулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Дайындау қажет: үш арнайы шыны контейнерлер немесе сиымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес кең мойынды тығыз бұрандалы қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнер, контейнердің сыртқы бетін таңбалаңыз, науқастың аты-жөні, жиналған күні, идентификациялық номері жазылған ФТБ-05 жолдамасын толтырыңыз, таңбаланған металды бикс, қолғап, маска, алжапқыш, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

  1. Науқаспен зерттеуге қақырық жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз.

  2. Қақырықты ашық ауада, өзге адамдар жоқ жерде немесе арнайы осы мақсатқа бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, желденетін, жел тарқышы және кварц шамы бар жеке бөлмеде жүргізілуі тиіс.

  3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резіңке қолғапты киіңіз.

  4. Ауруханада қақырықты 3 күн бойы таңертең ерте ас қабылдағанға дейін жинаңыз.

  5. Науқастан тісін тазалауын және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шаюын сұраңыз.

  6. Науқасқа контейнерді беріңіз.

  7. Науқастың артынан тұрыңыз, аузына ашық контейнерді жақындатуын сұраңыз.

  8. Науқастан аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең тыныс алуын және тыныс шығаруын сұраңыз, сонан кейін қатты жөтеліп, контейнердің қабырғасына тигізбей 3-5 мл мөлшерде қақырықты контейнерге қақырынып түкіруін сұраңыз.

  9. Контейнерді қақпағымен жабыңыз.

  10. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көз жеткізіңіз.

  11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін рәсімдеңіз.

  12. Таңертең жиналған қақырықты таңбаланған металл бикспен зертханаға бір тәулік ішінде жіберіңіз.

  13. Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жинайды. Ауруханадан тыс қақырық жинау ерекшелігі-қақырық 2 рет алынады.

Қақырықтың бірінші сынамасы таңертең, науқас емханаға қаралған сәттен бастап, медицина қызметкерінің бақылауымен алынады.

Қақырықтың екінші сынамасы келесі күні таңертең үйде алынып, зертханаға жеткізіледі.

Қақырықтың үшінші сынамасы сол күні емханада медицина қызметкерінің бақылауымен науқастың қақырығын алады (2-3 сынамалар бір күнде алынады);

  • қақырық жинау міндетті түрде медицина қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

  • бір рет қолданылатын контейнерлер қолданылғаннан кейін жойылады.

  • медицина мекемелерінде қақырықты 7 күнге дейін тоңазытқышта сақтауға болады.