Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Хiv. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

131. Пероральді (оральді) глюкозотолерантты тест (пгт)

Мақсаты: жасырын қант диабетінің диагостикасы.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Науқас аш қарынға глюкоза ерітіндісін (200 мл суға 75г) ішеді. Қант деңгейін аш қарынға өлшейді, бір сағаттан кейін және глюкозаны ішкеннен соң 2 сағаттан кейін қант деңгейін өлшейді. Глюкоза толеранттылығының бұзылуы туралы өлшемдер кестеде көрсетілген.

Глюкозотолерантты тест барысындағы қан құрамындағы глюкоза

Зерттеулер

Көк тамыр қаны

Капилляр қаны

Қант диабеті

аш қарынға

7 ммоль/л жоғары

7 ммоль/л жоғары

1 сағаттан кейін

10 ммоль/л жоғары

11 ммоль/л жоғары

2 сағаттан кейін

10 ммоль/л

11 ммоль/л

Глюкоза толеранттылығының бұзылуы

аш қарынға

жоғары 7 ммоль/л

жоғары 7ммоль/л

1 сағаттан кейін

жоғары 10 ммоль/л

жоғары 7 ммоль/л

2 сағаттан кейін

7 мен 10 ммоль/л аралығында

8 және 11 ммоль/л аралығында

Қалыпты жағдай

аш қарынға

7 ммоль/л төмен

7 ммоль/л төмен

1 сағаттан кейін

10 ммоль/л төмен

11 ммоль/л төмен

2 сағаттан кейін

7 ммоль/л төмен

8 ммоль/л төмен

Глюкоза толеранттылығы бұзылған адамдардың 70% 10 минутта қант диабеті пайда болуы мүмкін, қалғандарының жағдайы өзгермейді немесе қалыпты глюкоза толеранттылығына қайтып оралуы мүмкін.

Қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі аш қарынға 3,5- 5.3 ммоль/л болады.

Хiv. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

132. Стандарт «Зерттеуге қақырық жинау ережесі»

Қақырықпен жұмыс істей алу үшін және оны қауіпсіз жинау үшін мейірбике арнайы және жақсы дайындалған болуы керек, өйткені кез-келген қақырық зарарлы немесе жұқпалы болуы мүмкін, әсіресе турбекулез микобактериясы. Мейірбике әрбір науқасқа қақырықты зертханалық зерттеу үшін қақырық жинау ережесін түсіндіруі тиіс.

Қақырықты жинауға мөлдір түсті шыны ыдыс қолдану керек, ыдысты тазалап май қалдықтарын қалдырмай содамен, (сабынсыз) жуып алады, оның қақпағы тығыз, сұйықтық ағып кетпейтіндей, жабылатын болуы тиіс. Банканың аузы кең, сыйымдылығы 50 мл немесе одан да көп болуы қажет Түсі бұлыңғыр қоңырқай шыны банкілерге қарағанда, мөлдір шыны банкілер ыңғайлы, өйткені ол аузын ашпай-ақ сыртынан қақырықтың сыртқы түрін көруге мүмкіндік береді.

Қақырығы бар ыдыспен жолдама қағазын бірге қоюға болмайды, өйткені ыдыстың қабырғаларына қақырық тиген болса, ол жолдама қағазына жұғуы мүмкін.

Мейірбике қақырықты жинау, онымен жұмыс жасау және тасымалдау рәсімін жақсы меңгерген болуы тиіс.

1. Қақырықты бөлмеден басқа жерде, адамдардан аулақ жерде немесе арнайы бөлінген бөлмелерде жинауы керек. Қақырықты бірнеше сағат бойы бір уақытта жинау қажет.

2. Егер қақырық сұйық болса, оның құрамында тағам қалдықтары мен мұрын қуысының сілекейі араласып кетсе қақырық жинау рәсімін қайталау қажет.

3. Қақырықты таңертен, тамақ ішпей тұрып, ауыз қуысын тазалағаннан кейін жинау қажет.

4. Қақырықты салқын жерде еденге қойып сақтау керек.

5. Науқастан ауру жұғып кету қаупінің алдын алу үшін, мейірбике қақырық жинау барысында науқастың артқы жағында тұруы тиіс.

6. Науқасқа қақырғанда шығатын қақырықты емес, тек жөтелгенде ғана бөлініп шыққан қақырықты жинау керек екенін ескерту қажет.