Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

129. Стандарт «Биохимиялық зерттеулер үшін көк тамырдан қан алу»

Максаты: диагностиқалық.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.

Асқынулары: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.

Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың көк тамырлары.

Дайындаңыз: стерилді: 10-20 мл көлемді бір рет қолданылатын шприц, лоток, мақта шариктері, салфекалар, тері антисептигі, алжапқыш, маска, қорғайтын көзілдіріктер, қолғап, штативтегі су өтпейтін пробиркалар, резеңке бұрау, клеенкалы жастықша, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған коңтейнер.

Іс –әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз. Науқастың танертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз.

2. Зертханаға жолдама жазып, пробирқаны нөмірлеңіз.

3. Науқастың ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оны тері антисептигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз).

5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

6. Бір рет қолданылатын шприцті жинаңыз (стандартты қараңыз).

7. Науқастың шынтағының астына клеенкалы жастықшаны қойыңыз.

8. Науқастың иығының ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен резеңке бұрау қойыңыз.

9. Бұрауды бос ұштары жоғары, ал ілгегі төмен қарай бағыттап байлаңыз.

10. Кәр іжілік артериясының тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең толық көк тамырды табыңыз.

12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет жұмып-ашуын, сонан кейін оны қысып ұстауын сұраңыз.

13. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

14. Тері антисептигіне малынған екі мақта шариктерімен шантақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. Үшінші мақта шаригін сол қолдың VI және V саусақтар арасында ұстаңыз.

15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: II саусақпен иненің канюлясын, ал III, IV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан, I саусақпен төменінен ұстаңыз.

16. Көк тамырды болжалды тесетін жерден төмендеу сол қолыңыздың үлкен бармағымен байлаңыз.

17. Иненің қалпағын ашыңыз, көк тамырды әдеттетідей тесіңіз (науқастың жұдырығы қысулы болуы тиіс).

18. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

19.Сол колмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

20. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы тиіс, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

21. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

23. Шприцтегі қанды побирканың қабырғасына баяу шашыратпай құйыңыз.

24. Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз.

25. Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

26. Науқасқа тұруына немесе ыңғайлы жатуына көмектесіңіз.

27. Көк тамырдың тескен жерінен қан шықпайтынына көз жеткізіңіз.

28. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз.

29. Қолғапты шешіп, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

30.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- биохимиялық талдауға көк тамырдан қанды таңертең аш қарыңға 10 мл мөлшерінде алу керек;

- ЖҚТБ және RW қан алу күніне кез келген уақытта 5 мл мөлшерінде алынады;

- қан алуға арналған пробирка құрғақ (себебі эритроциттер гемолизденуі мүмкін), химиялық тұрғыдан таза болуы тиіс, сонымен қатар қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болуы керек;

- шприцсіз тек инемен қан алуға тыйым салынады (қан шашырау каупі бар).

- жолдамада пробирканың нөмірін, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;

-вакутайнер (BD VACUTAINER) қауіпсіз қан алу жүйесінің болуы, медицина қызметкерлерін барынша қорғауды, алатын материалдың сапасын камтамасыз етеді.