Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Xiіі. Қуық катетеризациясы.

127. Стандарт «Қуықты жуу».

Мақсаты: қуықтың қабыну процестерін емдеу, ыдыраған ұлпаны, іріңді немесе майда тастарды механикалық жолмен алу, сонымен қатар зәр шығару мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында.

Дайындау қажет: науқасты жуындыру және катетеризациялау жабдықтары, қуықты жууға арналған Т°- 37°С жылытылған антисептик ерітінділері (1:5000 фурациллин ерітіндісі немесе перманганат калиінің әлсіз ерітіндісі т.б.), Жане шприці, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіру, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасты арқасымен жатқызыңыз: аяқтарын тізесінен бүгіп, екі жағына аздап алшақтатыңыз, бөксесінің астына клеенка мен жаялық төсеңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз, тырңақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартты қараңыз).

5. Әйелдің қуығын катетеризациялаңыз (стандартты қараңыз).

6. Катетеризациялау арқылы қуықты босатыңыз (катетердіт алмаңыз).

7. Жане шприціне 50-100 мл жылытылған фурациллин ерітіндісін алыңыз.

8. Жане шприцін катетердің бос ұшына жалғаңыз, қуыққа поршеньмен фурациллин ерітіндісін енгізіңіз.

9. Жане шприцін катетерден алыңыз, бос ұшын зәр қабылдағышқа салыңыз, қуыққа енгізілген сұйықтық катетер арқылы сыртқа ағады.

10. Шайынды тазармағанша қуықты жууды тоқтатпаңыз.

11. Қуықта кішкене су қалдырып, катетерді алыңыз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12. Қолғапты шешіп, КБСУ ыдысына салыңыз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

13. Науқастың ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, бір сағат бақылаңыз.

Ескерту: қуықты жуу алдында оның сиымдылығын анықтап алған дұрыс, ол үшін бір рет шығарылған зәрдің мөлшерін өлшеп алыңыз.

XIV. «Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау».

128. Стандарт «Зертханалық талдауға саусақтан қан алу»

Мақсаты: диагностикалық – жалпы клиникалық талдауға қан алу: қан элементтерінің (эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің) сандық және сапалық құрамын анықтау, қан гемоглобині мен эритроциттердің тұну жылдамдығын (СОЭ) анықтау, қан құрамындағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қанның ұюы мен қан кету уақытын анықтау.

Көрсетімі: дәрігердің тағайындауы.

Теріні тесетін жер: құлақтың түбі, төртінші саусақ, жаңа туылған нәрестенің өкшесі.

Дайындау қажет: стерильді: найза-скарификатор, мақта шариктері, резіңке қолғаптар, тері антисептигі, 5% йод ерітіндісі, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Мейірбике зерттеу алдында науқасқа қан алатынын ескертуі тиіс және қанды аш қарынға, дәрілік заттарды қабылдағанға дейін алынатынын, кешкі асқа майлы тамақ ішпеу керек екенін түсіндіруі тиіс.

2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.

4. Сол қолыңыздың IV саусағымен науқастың сол қолын алыңыз, Сіздің бірінші саусағыңыз науқас саусақтарының сыртында, ал қалғандары алақанында болуы тиіс.

5. Тесетін жерді мақтаға батырылған екі стерильді мақта шариктерімен сүртіңіз, спирттің құрғауын күтіңіз, өйткені тескеннен кейін қан саусақтан ағып кетуі мүмкін.

6. Науқастың саусағының ұшын қысып ұстаңыз, скарификатор-найзаны тігінен ұстаңыз, саусақтың төмендеу жерінің ортасынан сол жағынан тесіңіз.

7. Тесілген жер саусақтың тері жолақтарына қарама-қарсы болуы тиіс, сонда ол жер қансырап, сонан кейін қан жеңіл әрі мол болып ағады. Ал тері жолақтарының бойымен тесілген жер тес бітеліп қалады. Тырнақтың түбінен тесуге болмайды, өйткені қан саусақ бойымен ағады, ал оны зерттеу үшін алу қиынға соғады.

8. Алғашқа қан тамшысын стерильді құрғақ мақта шаригімен сүртіп алыңыз.

9. Әрбір зерттеу үшін қанның жаңа тамшысын алады.

10. Қан алып балғаннан кейін тесілген жерді 5% йод ерітіндісімен өңдеңіз.

11. Қолданылған құралдарды КБСУ ыдысына салыңыз.

Ескерту:

- егер саусақ күйген немесе үсіп қалған болса, терісі қалың және қатты болса, қанды құлақ ұшынан (сырғалықтан) алуға болады;

- емшек жасындағы баладан қанды аяғының бас бармағынан немесе өкшесінен алады.