Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Xiіі. Қуық катетеризациясы

126. Стандарт «Ер адамның қуығын катетерлеу»

Мақсаты: қуықтан зәрді дер кезінде шығару, табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.

Қолдану көрсетілімдері: зәр шығарудың жедел және созылмалы кідірісі, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрасттық ерітінділерді еңгізу, зәр шығару мүшелері мен жыныс жүйелеріне жасалынған отадан кейінгі кезең, зәр шығару мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеулерге зәр алу алдында, зәр қалдығын анықтау үшін.

Қарсы көрсетілімдері: уретраның жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.

Асқынулары: уретральды қызба, уретраның, қуықты шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақталмаған жағдайда инфекцияның енуі.

Дайындау қажет: стерильді: бір рет қолдануға арналған катетер, корнцанг, анатомиялық пинцеттер (2 дана), лоток, салфеткалар, 2 жұп қолғап, вазелин майы, зәр қабылдағыш, 1:5000 фурациллин ерітіндісі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, клеенка, жаялық, керме, КБСУ, жуындыруға арналған құралдар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен өзара сенімділік қарым-қатынасын орнатыңыз.

2. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

4. Науқасты арқасымен жатқызыңыз, екі аяғын тізесінен бүгілген жәнеекі жағына алшақтатылған болуы тиіс.

5. Науқастың бөксесінің астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз, екі аяғының арасына зәр қабылдағышты қойыңыз.

6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

7. Науқасты жуындыру құралдарын дайындаңыз (стандартты қараңыз), жуындырыңыз.

8. Смените қолғап и оны тері антисептигімен өңдеңіз.

9. Науқастың оң жағына тұрыңыз: сол қолыңызға стерильді салфетканы алып, онымен жыныс мүшесін басынан төмен қарай ораңыз.

10. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.

11. Сол колдың 3-4 саусақтарының арасына жыныс мүшесін алып, басын сәл қысыңыз, 1-2 саусақтармен артық терісін ысырыңыз.

12. Оң колыңызға қыстырылған пинцетпен дәке тампонын алып, фурациллин ерітіндісіне батырыңыз. Тампондарды ауыстыра отырып, жыныс мүшесінің басын жоғарыдан төменге зәр шығару каналынан шетіне қарай тазартыңыз.

13. Бірнеше тамшы стерильді вазелин майын зәр шығару каналының ашық сыртқы тесігіне құйыңыз.

14. Катетер орамын ашып, катетерді алыңыз.

15. Пинцетті ауыстырыңыз.

16. Оң қолыңызға қыстырылған стерильді пинцетпен 5-7 см қашықтықтан катетерді тұмсығынан ұстап алыңыз, қатетердің шетін қолыңыздың астына жіберіп, 4-5 саусақтарыңыздың арасына қысыңыз.

17. Лотоктың үстінен 15-20 см қашықтықта қатетерге стерильді вазелин майын құйыңыз.

18. Сол қолмен 1-2 саусақтармен жыныс мүшесінің басын ұстап тұрып, пинцетпен катетерді алғышқы 4-5 см-ге енгізіңіз.

19. Пинцетпен катетерді басынан 3-5 см ұстап, зәр шығару каналына 19-20 см ұзындыққа баяу енгізіңіз.

20. Сол қолмен жыныс мүшесін бір мезгілде түсіріңіз.

21. Катетердің бос ұшын несеп жинау ыдысына салыңыз.

22. Зәрдің ағуы тоқтағаннан кейін, қолыңыздағы пинцетпен катетерді абайлап шығарып алыңыз.

23. Қолыңызбен шаптың үстінен іштің алдыңғы жағынан басыңыз.

24. Катетерді КБСУ ыдысына салыңыз.

25. Қолғапты шешіңіз, оны, салфеткаларды КБСУ ыдысына салыңыз.

26. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

27. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

Ескерту: катетерді енгізу барысында қиындықтар туындаса, науқастан тынышталуын және өзін еркін ұстауын өтініңіз. Еркек уретрасының физиологиялық майысуы мен тарылуын ескере отырып, катетерді енгізу барысында алдымен жыныс мүшесін қарынға қаратып, катетерді баяу енгізіңіз, сонан кейін жыныс мүшесін төменге қаратыңыз.