Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Хіі. Клизмалар. Газ шығарғыш түтікше.

124. Стандарт «Гипертониялық клизмалар қою»

Мақсаты: тішек перистальтикасын нығайту және ішек қуысына сұйықтықты молынан транссудациялау жолымен тоқ ішектің төменгі бөлігін нәжіс пен газдардан тазарту.

Қолдану көрсетілімдері: отадан кейінгі кезең, атониялық іш қату, тоқ ішектің шырышты қабатының қабыну процестері, әртүрлі ісінулер.

Қарсы көрсетілімдері: тоқ ішектің төменгі бөлігінің қабыну мен Ойық жара процестері, артқы тесікте сызаттың болуы, асқазан-ішек қан кетулері, тік ішектің қатерлі ісіктері, тік ішектің төмен түсуі, қансыраған геморрой.

Дайындау қажет: стерильді: гипертониялық ерітінді (10% натрий хлоридінің ерітіндісі 100-200 мл ), алмұрт тәріздес баллон немесе Жане шприці, газ шығарғыш түтікшесі бар бикс, стерильді лоток, қысқыш, шпатель, маска, алжапқыш, қолғап; клеенка, жаялық, салфеткалар , вазелин майы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Кушеткаға клеенка төсеңіз, үстіне жаялық салыңыз, науқасты кермемен қоршаңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

4. Газ шығарғыш түтікшесі бар орамды алып лотокқа қойыңыз.

5. Алмұрт тәріздес баллонға немесе Жане шприціне 38°С «су моншасында» жылытылған 50-100 мл гипертониялық ерітіндіні алыңыз.

6. Газ шығарғыш түтікшенің бос ұшын 20-30 см дейін вазелин майымен майлаңыз.

7. Науқасты сол жағымен жатқызыңыз, оң аяғы тізе буынынан бүгіп, ішіне тақап қойыңыз.

8. Сол қолыңыздың I және II саусақтарымен науқастың бөкселерін ашып, оң қолыңызбен газ шығарғыш түтікшені айналмалы қозғалыспен абайлап артқы тесікке тік ішекке қарай енгізіңіз, .алдымен кіндіккке 3-4 см, сонан соң омыртқаға параллель 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Газ шығарғыш түтікшенің сыртқы ұшына алдын-ала ауасы шығарылған алмұрт тәріздес баллонды немесе Жане шприцін жалғаңыз, оған гипертониялық ерітіндіні баяу сорып алыңыз.

10. Газ шығарғыш түтікшенің сыртқы ұшына қысқыш қойыңыз немесе қысып тұрыңыз.

11. Груша тәріздес баллонды немесе Жане шприцін босатпай газ шығарғыш түтікшеден алыңыз.

12. Газ шығарғыш түтікшені оң қолыңызбен алыңыз, сонымен қатар дәрілік затты түтікшеден шығару үшін сол қолыңызбен түтікшені үстінен басыңыз.

13. Теріні салфеткамен алдынан артына қарай сүртіңіз (шабынан аналь тесігіне қарай).

14. Науқастан шалқасынан жатуын және ерітіндіні ішегінде 20-30 минут ұстауын өтініңіз. Науқастың жағдайын сұраңыз.

15. Үштікті, газ шығарғыш түтікшені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

16. Қолғапты шешіңіз.

17. Қолғап, маска,салфеткаларды КБСУ ыдысына салыңыз.

18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Xiіі. Қуық катетеризациясы.

126. Стандарт «Әйел қуығын катетерлеу»

Мақсаты: қуықтан зәрді дер кезінде шығару, табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.

Қолдану көрсетілімдері: зәр шығарудың жедел және созылмалы кідірісі, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрасттық ерітінділерді еңгізу, зәр шығару мүшелері мен жыныс жүйелеріне жасалынған отадан кейінгі кезең, зәр шығару мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеулерге зәр алу алдында, зәр қалдығын анықтау үшін.

Қарсы көрсетілімдері: уретраның жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.

Асқынулары: уретралық қызба, уретраның шырышты қабатының зақымдануы, асептика ережелері сақталмаған жағдайда инфекцияның кіруі.

Дайындау қажет: стерильді: катетер, анатомиялық пинцеттер (2 дана), корнцанг, лоток, салфеткалар, қолғаптың 2 жұбы,, вазелин майы, 1:5000 фурацилин ерітіндісі, зәр қабылдағыш, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, клеенкалы төсеніш, жаялық, керме; жуындыру жабдықтары, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқаспен сенімділік қарым-қатынасын орнатыңыз.

2. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен қоршап қойыңыз.

4. Науқасты арқасымен жатқызып, аяқтарын тізесінен бүгіңіз және екі жағына алшақтатыңыз.

5. Науқастың бөксесінің астына клеенка төсеңіз, үстіне жаялық салып, судно беріңіз.

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз, тырнақшаларын 1% спиртті йод ерітіндісімен сүртіңіз. Қолғапты киіңіз.

7. Науқастың жуындыру жабдықтарын дайындаңыз (халі нашар әйелді жуындыру техникасын қараңыз) және жуындырыңыз.

8. Катетеризация жасау жабдықтарын дайындаңыз.

9. Стерильді қолғапты киіңіз.

10. Қынапқа кіретін жерге стерильді салфетка қойыңыз.

11. Сол қолыңыздың I және II саусақтарымен үлкен және кіші жыныстық еріндерін ашыңыз, сыртқы зәр шығару каналының тесігі ашық болуы тиіс.

12. Оң қолыңызға фурациллин ерітіндісіне батырылған дәке салфеткасы бар пинцеті алыңыз.

13. Зәр шығару каналын антисептик ерітіндісімен жоғарыдан төмен қарай үлкен және кіші жыныстық еріндерінің арасымен өңдеңіз.

14. Зәр шығару каналына бір минутқа фурациллин ерітіндісіне батырылған дәке салфеткасын қойыңыз.

15. Катетер орамын ашып, катетерді алыңыз, оны лотокқа салыңыз.

16. Оң қолыңызбен стерильді пинцетпен катетердің 7-8 см қашықтығынан жұмсақ тұмсығын жазатын қалам сияқты ұстаңыз.

17. Катетердің сырт жағын оң қолыңыздың IV және V саусақтарымен қысыңыз.

18. Катетердің тұмсығына «шпив» тәсілімен стерильді вазелин майын құйыңыз.

19. Дәк салфетканы алыңыз, сол қолыңызбен жыныстық еріндерін ашыңыз, оң қолыңызбен зәр шығару каналына, несеп пайда болғанға дейін 3-4 см жерге абайлап катетерді енгізіңіз.

20. Катетердің бос ұшын (сыртқы) судноға салыңыз.

21. Сол қолыңызбен шаттың үстінен ішінің алдыңғы жағынан басыңыз, несеп тамшылап шыға бастайды.

22. Катетерден несептің шығуы тоқтағанда зәр шығару каналынан катетерді абайлап шығарып алыңыз (зәр шығару каналын несеп қалдықтарымен жуу қамтамасыз етіледі, а.а. табиғи жолмен).

23. Пинцеттерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

24. Қолғапты шешіңіз, оны, салфеткаларды, катетерді, мақта шариктерін КБСУ ыдысына салыңыз.

25. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

26. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.