Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Хii. Клизмалар. Газ шығарғыш түтікше.

123. Стандарт «Дәрілік клизмаларды қою»

Мақсаты: емдік: тоқ ішекте шоғырланған қабыну процестеріне ықпал ету (жергілікті әсер), немесе ағзаға жалпы ықпал ету (жалпы әсер) мақсатында, басқа тәсілдер арқылы дәрілерді енгізу мүмкін болмаған жағдайда, тік ішек арқылы дәрілік заттарды енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: тік ішекке жергілікті әсер ету (дизентерия, спецификалық емес ойық жаралы колит), тік ішекке жалпы әсер ететін дәрілік заттарды енгізу: сіңір тартылуы, тез ашушаңдық.

Қарсы көрсетілімдері: асқазаннан немесе ішектен қан кету, тоқ ішек және артқы тесік аймағында жедел қабыну немесе Ойық жара процестерінің болуы, тік ішекте қатерлі ісіктің болуы, ас қорыту жолдарының мүшелеріне жасалынған отадан кейінгі алғашқы күндер, артқы тесік аймағында сызаттың болуы немесе тік ішектің төмен түсуі, қансыраған геморрой.

Дайындау қажет: стерильді: дәрілік ерітінді (50-100 мл), алмұрт тәріздес баллон немесе Жане шприці, газ шығарғыш түтікшесі бар бикс, стерильді лоток, шпатель, қолғап, клеенка, жаялық, халат, маска, алжапқыш, вазелин, су термометрі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.

3. кушеткаға клеенка, үстіне жаялық төсеңіз (немесе бір рет қолданылатын тез сіңіргіш жаялықты), науқасты кермемен оңашалаңыз (егер емшара палатада өтетін болса).

4. Науқасқа дәрілік клизма қоюдан 20-30 минут бұрын тазалау клизмасын қойыңыз.

5. Бикстен газ шығарғыш түтікше орамын алып лотокқа салыңыз.

6. Алмұрт тәріздес баллон немесе Жане шприціне Т°- 38°С «су моншасында» жылытылған 50-100 мл дәрілік ерітіндіні алыңыз.

7. Газ шығарғыш түтікшенің дөңгелек ұшына 20-30 см дейін вазелин жағыңыз.

8. Науқасты сол жағымен жатқызыңыз, оң аяғы тізе буынында бүгілген және қарнына тақалған болуы тиіс.

9. Сол қолыңыздың I және II саусақтарымен науқастың бөкселерін ашып, оң қолыңызбен газ шығарғыш түтікшені айналмалы қозғалыспен абайлап артқы тесікке тік ішекке қарай енгізіңіз, .алдымен кіндіккке 3-4 см, сонан соң омыртқаға параллель 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

10. Газ шығарғыш түтікшеге алдын ала ауасын шығарылған алмұрт тәріздес баллонды немесе Жане шприцін жалғаңыз, сонан кейін аз мөлшерде кішкене қысымда дәрілік ерітіндіні баяу енгізіңіз.

11. Газ шығарғыш түтікшенің сыртқы ұшына қысқыш қойыңыз немесе қысып тұрыңыз.

12. Алмұрт тәріздес баллонды немесе Жане шприцін жібермей, газ шығарғыш түтікшеден шығарыңыз.

13. Дәрілік ерітіндіні түтікшеден шығару үшін сол қолыңызбен түтікшені үстінен басып, оң қолыңызбен газ шығарғыш түтікшені шығарып алыңыз.

14. Газ шығарғыш түтікшені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысна салыңыз.

15. Теріні алдынан артына қарай салфеткамен сүртіңіз (шабынан аналь тесігіне қарай).

16. Науқасқа дәрілік клизмадан кейін арқасымен немесе сол жағымен кем дегенде жарты сағат төсекте жату керек екенін ескертіңіз.

17. Алжапқышты, қолғапты шешіңіз, салфеткаларды, маска және қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: Науқас емшараның алдында қуығын босатуы тиіс.