Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Хiі. Клизмалар. Газ шығарғыш түтікше.

121. Стандарт «газ шығарғыш түтікшені қою».

Мақсаты: ішектен газдарды шығару.

Қолдану көрсетілімдері: метеоризм, ішек атониясы, іш жүргізуші клизманы қою барысында.

Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кету, тік ішектің төмен түсуі, артқы тесік аймағында сызаттың болуы, тоқ ішек пен сыртқы тесік аймағында жедел қабыну менОйық жара процестерінің болуы, тік ішекте қатерлі ісіктердің болуы, қансыраған геморрой.

Дайындау қажет: стерильді: газ шығарғыш түтік, лоток, шпатель, қолғап; вазелин, клеенка, жаялық, халат, алжапқыш, суы бар судно, салфеткалар, әжет қағазы, керме, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1.Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Науқасты кермемен қоршап қойыңыз (емшара палатада өтетін болса), маска мен халатты киіңіз.

3. Науқастың жанына үстелдің үстіне судно қойыңыз (судноға кішкене су құйыңыз), Науқастың бөксесінің астына клеенка төсеңіз, оның үстіне жаялық төсеңіз.

4. Науқасты сол жағымен немесе шалқасынан жатқызыңыз, оның аяқтары тізесінен бүгілген болуы тиіс.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Бикстен газ шығарғыш түтікше орамын алып лотокқа қойыңыз.

7. Газ шығарғыш түтікшенің домалақтау ұшын 20-30 см дейін вазелин жағыңыз.

8. Түтікшені ортасынан бүгіңіз, түтікшенің бос ұшын оң қолыңыздың lV-ші және V-ші саусақтарымен қысып, домалақ ұшын жазатын перо сияқты ұстаңыз.

9. Науқастың бөксесін сол қолыңыздың I және II саусақтарымен ашыңыз, ал оң қолыңызбен сыртқы тесікке баяу айналмалы қозғалыспен газ шығарғыш түтікшені тік ішекке қарай енгізіңіз, алдымен 3-4 см дейін кіндікке, сонан кейін 20-30 см тереңдікке омыртқаға параллель бағытта енгізіңіз.

10. Науқасты арқасымен жатқызыңыз немесе сол қалпында қалдырыңыз.

11. Газ шығарғыш түтікшенің бос ұшын лотокқа немесе суы бар судноға салыңыз.

12. Газдардың шыға бастағанына (суда пайда болған көпіршіктерге қарап) көз жеткізгеннен кейін, лотокты немесе суы бар судноны жиып алыңыз, газ шығарғыш түтікшенің сыртқы ұшын конверт сияқты етіп жаялыққа ораңыз.

13. Әрбір 20-30 минут сайын науқастың жағдайын қадағалаңыз.

14. Науқастың үстін жабыңыз, газдар толық шыққанға дейін түтікшені ішекте қалдырыңыз, бірақ 1 сағаттан артық тұрмауы тиіс.

15. Түтікшені баяу айналмалы қозғалыспен шығарыңыз, артқы тесікті салфеткамен немесе әжет қағазымен тазалаңыз, бөкселердің ортасына вазелин майына батырылған салфетканы қойыңыз.

16. Газ шығарғыш түтікшені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

17. Қолғапты шешіңіз, салфеткаларды, масканы және қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз..

18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: егер газдар толығымен шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақ тәулігіне 2-3 реттен артыққа қоюға болмайды.

Хiі. Клизмалар. Газ шығарғыш түтікше.

122. Стандарт «Майлы клизмаларды қою»

Мақсаты: емдік: ішек бұлшық еттерін жұмсарту, нәжісті сұйылту, құрысуды төмендету және ішек перистальтигін қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: тиімсіз тазалау клизмалары, спастикалық іш қату, ұзақ мерзімді іш қату, тоқ ішектің қабыну аурулары, отадан кейінгі кезең, босанғаннан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: асқазаннан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі ісіктері, артқы тесік аймағында сызаттың болуы немесе тік ішектің төмен түсуі,

желудочное или кишечное кровотечения, злокачественные новообразования прямой кишки, трещины в области заднего прохода или выпадение прямой кишки, қансыраған геморрой.

Дайындау қажет: стерильді: газ шығарғыш түтікше, лоток, алмұрт тәріздес баллон немесе Жане шприці, шпатель, қолғап, салфеткалар; клеенка, жаялық, вазелин майы, майлы ерітінділер 50-100 мл, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Кушеткаға клеенка, оның үстіне жаялық төсеңіз (немесе бір рет қолдануға арналған тез сіңіргіш жаялық), егер емшара палатада өтетін болса, науқасты кермемен қоршаңыз. Алжапқышты, масканы киіңіз.

3. Науқасты сол жағымен жатқызыңыз, оң аяғы тізе буынында бүгілген және қарнына тақалған болуы тиіс.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Бикстен газ шығарғыш түтікше орамын алып лотокқа салыңыз.

6. Алмұрт тәріздес баллонға немесе Жане шприціне «сулы» моншада жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алып, лотокқа қойыңыз.

7. Газ шығарғыш түтікшенің дөңгелек ұшына 20-30 см дейін вазелин майын жағыңыз.

8. Науқастың бөксесін сол қолыңыздың I және II саусақтарымен ашыңыз, ал оң қолыңызбен сыртқы тесікке баяу айналмалы қозғалыспен газ шығарғыш түтікшені тік ішекке қарай енгізіңіз, алдымен 3-4 см дейін кіндікке, сонан кейін 20-30 см тереңдікке омыртқаға параллель бағытта енгізіңіз.

9. Газ шығарғыш түтікшенің сыртқы ұшына алмұрт тәріздес баллонды немесе Жане шприцін жалғаңыз, алдын ала оның ауасын шығарыңыз, сонан соң майлы ерітіндіні тік ішекке баяу енгізіңіз.

10. Газ шығарғыш түтікшенің сыртқы ұшына қысқыш қойыңыз немесе оны қысып тұрыңыз.

11. Алмұрт тәріздес баллонды немесе Жане шприцін босатпай, газ шығарғыш түтікшеден шығарып алыңыз.

12. Жане шприціне немесе алмұрт тәріздес баллонға ауа алып, оны газ шығарғыш түтікшеге қайта жалғаңыз, қысқышты алыңыз, майлы ерітіндінің қалғанын тік ішекке енгізіңіз (үрлеңіз), «ауа қорғаны» майлы ерітіндінің тік ішекте қалуына ықпал етеді.

13. Оң қолыңызбен газ шығарғыш түтікшені айналмалы қозғалыспен шығарып алыңыз, оны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Теріні алдынан артына қарай салфеткамен сүртіңіз (шаптан аналь тесігіне қарай)

15. Науқастан ыңғайланып жайласуын, терең тыныс алуын және дене қалыбын 10-12 сағат сайын өзгертіп тұруын өтініңіз.

16. Қолғапты шешіңіз, салфеткаларды, масканы, қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.