Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

І. Инфекциялық қауіпсіздік

11. Стандарт «5% кальций гипохлоридінің (жатырлық) ерітіндісін дайындау».

Мақсаты: ауруханаішілік инфекцияның алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп бойынша деректі құжаттарға сәйкес күтім жасау заттарын, медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану.

Дайындалуы тиіс: 0,5 кг кальций гипохлориді (құрғақ), 10 литрлік қақпағы бар эмаль ыдыс, 10л су, ағаш қасық, қолғап, алжапқыш, респиратор, халат, белсендірілген хлор мөлшерін есептеу кестесі.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қосымша медициналық халат, алжапқыш, респиратор, резіңке қолғап киіңіз.

2. 0,5 кг кальций гипохлоридін ыдыстағы 10 л мұздай суға салыңыз (кальций гипохлоридіне аз мөлшерде су құйып, біркелкі ботқа тәріздес болғанша ағаш қасықпен араластырыңыз, сонан кейін 10 л дейін қалған суды құйыңыз, қақпағын жабыңыз.

3. Ыдыстағы қоспаны 30 минут тұндырыңыз.

4. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты таңбалаңыз, концентрациясы мен ерітіндінің атауын көрсетіңіз, биркіде – ерітіндінің дайындалған күнін, уақытын, ерітіндіні дайындаушының Т.А.Ә. көрсетіңіз. Биркіні зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа іліп қойыңыз.

Ескерту: ерітінді қолданысқа 30 минуттен кейін дайын болады. Дұрыс сақталған жағдайда 7-10 күн қолдануға жарамды. Салқын, науқастардың қолы жетпейтін жерде тоқшыл түсті, ауа кірмейтін ыдыста сақтаңыз.

Кальций гипохлоридінің жатырлық ерітіндісін дайындау барысында белсендірілген хлордың құрғақ заттардағы пайыздық құрамын ескеру қажет.

Кальций гипохлоридінің ерітіндісін дайындау

Кальций гипохлоридінің ерітіндідегі концентрациясы (%)

Ерітінді дайындауға қажетті компоненттер саны

10 литрге

итрге

5%

жатырлық ерітінді (л)

Су мөлшері (л)

5%

жатырлық ерітінді (л)

Су мөлшері (л)

0,25

0,5

9,5

50

950

0,5

1

9,0

100

900

1

2

8,0

200

800

1,5

3

7,0

300

700

І. Инфекциялық қауіпсіздік

12. Стандарт «Медициналық бұйымдарды тазарту кезеңдері» (қр Үкіметінің 17.01.2012 жылғы № 87 қаулысы)

Медициналық бұйымдарды тазарту зарарсыздандыру, стерилизация алдыңғы тазалау және стерилизация арқылы жүзеге асады.

Дезинфекция (зарарсыздандыру) патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жоюға арналған. Жарақатқа тимеген, тері мен шырышты қабаттардың бүтіндігін бұзбаған, қан мен инъекциялық препараттарды құюға қолданбаған және пайдалану процесінде адам ағзасына енгізілмеген медициналық бұйымдарды тек зарарсыздандырады. Әрі қарай оларды кранның ағынды суына жуып, зарарсыздандырылған, таңбаланған, жабық ыдыстарда сақтайды.

Жараға тиген, медициналық іс-әрекеттер процесінде тері мен шырышты қабаттардың бүтіндігіне зақым келтірген, қан мен инъекциялық препараттарды құю үшін қолданылған және пайдалану процесінде адам ағзасына енгізілген медициналық бұйымдар зарарсыздандырылып, ағынды кран суына жуылады, сонан кейін стерилизация алдыңғы тазалау мен стерилизациядан өтеді.

Барлық медициналық бұйымдарды, сонымен қатар дәрілік препараттарды белокты, майлы заттардан және механикалық ластардан тазарту мақсатында стерилизация алдыңғы тазартудан өткізу қажет.

Стерилизация – вегетативті және тұқым түріндегі патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің жойылуын қамтамасыз ететін әдіс. Жарақатқа тиген, қанмен немесе инъекциялық препараттармен жұмыс істелінген барлық бұйымдар, сонымен қатар пайдалану барысында шырышты қабаттарға тиген және оның зақымдануын тудыратын кейбір диагностикалық аппаратуралар, медициналық құралдар стерилизациялануы тиіс.

Осылайша, медициналық бұйымдарды тазалау үш кезеңге бөлінеді:

I кезең – зарарсыздандыру;

II кезең – стерилизация алдыңғы тазалау;

III кезең – стерилизация.