Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Хіі. Клизмалар. Газ шығарғыш түтікше.

119. Стандарт «Сифонды клизмаларды қою»

Мақсаты: ішектің жоғарғы бөліктерінен ашыған, шіріген заттарды, шырыштарды, уларды, нәжісті шығару.

Қолдану көрсетілімдері: улану, тазалау, іш жүргізу клизмаларынан және іш жүргізу препараттарын қабылдаудан нәтиженің болмауы, ішек бітелу күдігі, науқасты ішек отасына дайындау.

Қарсы көрсетілімдері: асқазаннан немесе ішектен қан кету, тоқ ішек пен артқы тесік аймағындағы жедел қабыну немесе Ойық жара процестері, тік ішекте қатерлі ісіктің болуы, ас қорыту жолына жасалынған отадан кейінгі алғашқы күндер, артқы тесік аймағында сызаттың болуы немесе тік ішектің төмен түсуі, қансыраған геморрой.

Дайындау қажет: стерильді: сссифонды клизмалар (шыны түтікше арқылы резіңке түтікшеге жалғанған қалың асқазан зонды), сыйымдылығы 1л, 10-12 л. дейін жететін , су температурасы (20-22°С) шыны шұйғы, сыйымдылығы 1 л. Кружка, суды төгуге арналған шылапшын, шпатель, қолғап, салфеткалар; клеенка алжапқыш, халат, маска, клеенка, жаялық, вазелин, су термометрі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1 . Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Халат, маска, қолғап, клеенка алжапқышты киіңіз.

3. Кушеткаға клеенканы төсеңіз, оның бір ұшы шылапшынға қарай түсіп тұруы тиіс, үстіне жаялық салыңыз, жуындыны құю үшін шылапшын қойыңыз, науқасты пердемен бүркелеңіз.

4. Науқасты кушетканың бір шетіне сол жағымен жатқызыңыз, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, қарнына тақаңыз, ал сол аяғы ұзынынан созылып жатуы тиіс.

5. Жүйені дайындаңыз, зондтың жабық ұшын 20-30 см дейін вазелин жағыңыз.

6. Сол қолыңыздың I және II саусақтарымен науқастың бөкселерін ашып, оң қолыңызбен артқы тесікке үштікті айналмалы қозғалыспен абайлап тік ішекке енгізіңіз, сонан кейін кіндік бағытына қарай 3-4 см дейін, әрі қарай омыртқаға параллель 8-10 см тереңдікке бойлатыңыз.

7. Резіңке түтікшеге шұйғыны кигізіңіз, шұйғыны науқастың бөксе деңгейінде еңкейтіп ұстаңыз.

8. Шұйғыға 1 л су құйыңыз.

9. Су шұйғының мойнына жеткенге дейін, шұйғыны баяу көтеріңіз (ішекке сумен бірге ауа өтпеуі тиіс).

10. Шұйғыны еңкейген күйінде кушеткадан төмен деңгейге түсіріңіз, шұйғыға сұйықтықтың қайта қайтуын күтіңіз (ішектегі қалдықтармен бірге), оны шылапшынға төгіңіз.

11. Шұйғыны таза сумен қайта толтырыңыз, емшараны ішектен шыққан су таза болғанға дейін қайталаңыз.

12. Шұйғыны шешіп алыңыз, ішекте қалған суды шығару үшін резіңке түтікшенің сыртқы ұшын 10-12 минут шылапшынға салыңыз.

13. Зондты абайлап шығарыңыз.

14. Артқы тесікті тазалаңыз.

15. Сифонды клизмаға арналған жүйе мен шұйғыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

16. Қолғапты алжапқышты, халатты, масканы шешіңіз,. Салфеткалар мен қолғапты КБСУ ыдысына тастаңыз.

15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Хiі. Клизмалар. Газ шығарғыш түтікше.

120. Стандарт «Резіңке алма тәріздес баллонның көмегімен іш жүргізуші клизмаларды қою (майлы, гипертониялық, дәрілік)»

Мақсаты: тоқ ішектің төменгі бөлігін нәжіс пен газдардан тазарту, тік ішек арқылы дәрілік заттарды енгізу.

Дайындау қажет: стерильді үштіктер, Эсмарх кружкасы, алмұрт тәріздес баллон (спринцовка), қолғап, салфеткалар, шпатель, вазелин майы, лоток, тағайындалған заттар (майлар, эмульсия, гипертониялық ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Емшараны палатада өткізу барысында науқасты пердемен бүркеп қойыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

4. Кушеткаға клеенка төсеңіз, үстіне жаялық жаялық салыңыз, (немесе бір рет қолданылатын тез сіңіргіш жаялық), (егер науқастың жағдайы мүмкіндік беретін болса), емшара арнайы «клизмалық» бөлмеде өтеді.

5. Науқастан қарнын бос ұстау үшін сол жағына қарап, бір аяғын бүгіп, қарнына қарай тартып кушетканың шетіне жатуын өтініңіз.

6. t°-38°C булы моншада жылытылған дайын затты лотокқа құйыңыз.

7. Баллонды сығып, ауасын шығарыңыз, баллонның үштігін лотокқа салып, баллонды босатыңы, дайындалған затты баллонға сорып алыңыз, оның ауасын шығарыңыз.

8. Алмұрт тәріздес баллонның үштігіне шпательдің көмегімен вазелин майын жағыңыз.

9. Сол қолыңыздың I және II саусақтарымен науқастың бөкселерін ашып, оң қолыңызбен алмұрт тәрізді баллонның үштігін айналмалы қозғалыспен абайлап артқы тесікке 1110-12 см тереңдікке енгізіңіз.

10. Тағайындалған затты резіңке грушаға баяу сығып сорып алыңыз.

11. Грушаны сол қолыңызбен ұстаңыз, оң қолыңызбен оны «жоғарыдан төменге қараған» бағытта, қалған затты тік ішекке сығыңыз.

12. Артқы тесікке салфетка қойып, алмұрт тәріздес баллонның үштігін тік ішектен айналмалы қозғалыспен абайлап шығарыңыз, теріні алдынан артына қарай (шаптарынан артқы тесікке қарай) салфеткамен сүртіңіз.

13. Науқастың бөкселерін нығыздап жабыңыз, клеенка мен жаялықты жиып алыңыз.

14. Қолданылған үштікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

15. Қолғапты шешіңіз, оны және салфеткаларды КБСУ ыдысына салыңыз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.