Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Хi. Пункциялар

117. Стандарт «Науқасты және медициналық құралдарды буынды тесуге дайындау

Мақсаты: диагностикалық: буын құрамын анықтау; емдік: қалдықты шығару, буын қуысын жуу, буынға дәрілік заттарды енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буынішілік сынықтар, гемоартроз.

Қарсы көрсетілімдері: тесілген жердің іріңді қабынуы.

Дайындау қажет: стерильді: ұзындығы 7-10 см пункциялық ине, 10, 20 мл шприцтер, пинцет, дәке тампондары, асептикалық таңғыштар; салфеткалар, қолғап, лоток, 5% йодтың спиртті ерітіндісі, тері антисептигі, 0,5% новокаин ерітіндісі, пробиркалар, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Пункцияны ем-дом кабинетінде, антисептика ережелерін қатаң сақтай отырып, дәрігер жасайды.

2. Науқасты алда болатын зерттеу туралы хабардар етіңіз және оның келісімін алыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

4. Науқастан үстелге ыңғайлы отыруын немесе ыңғайланып жайғасуын өтініңіз.

5. Дәрігерге 5% йодтың спиртті ерітіндісін, сонан кейін тесілетін жерді өңдеу үшін тері антисептигін және инфильтрациялық анестезия жасау үшін 0,5% новокаин ерітіндісі бар шприцті беріңіз.

6. Дәрігер сол қолымен буынның тесілген жерінен ұстап, қалдықты тесілген жерге қарай сығады.

7. Инені буынға енгізіп, қалдықты шприцке сорып алады.

8. Шприцтегі сұйықтықтың алдыңғы порциясын пробиркаға құйыңыз, зертханалық зерттеуге арналған пробюирканың қабырғасына тиіп кетпеңіз.

9. Буын қуысына пункциядан кейін антибиотиктер мен стероидты гармондар салынады.

10. Инені суырып алғаннан кейін тесілген жерге 5% йодтың спиртті ерітіндісін жағып, асептикалық таңғыштар қойыңыз.

11. Қолданылған шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын КБСУ ыдысына, пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

12. Қолғапты шешіңіз, КБСУ ыдысына салыңыз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Хiі. Клизмалар. Газ шығарғыш түтікше.

118. Стандарт «Тазалау клизмасын қою»

Мақсаты: ішек перистальтикасын арттыру арқылы және нәжісті сұйылту арқылы тоқ ішектің төменгі бөлігін нәжіс пен газдардан тазарту.

Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар алдында және операция жасау алдында, дәрілік және майлы клизмалар жасау алдында; ас қорыту мүшелерін, зәр шығару мүшелерін және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеулерден өткізу алдында.

Қарсы көрсетілімдері: асқазаннан немесе ішектен қан кету, тоқ ішек пен артқы тесік аймағында жедел қабыну немесе Ойық жара пароцестерінің болуы, тік ішекте қатерлі ісіктің болуы, ас қорыту жолдары мүшелеріне жасалынған отадан кейінгі алғашқы күндер, артқы тесік аймағының жарылуы немесе тік ішектің түсуі, қансырап тұрған геморрой.

Дайындау қажет: стерильді үштік, Эсмарх кружкасы, штатив, вазелин, шпатель, қолғап, шылапшын, судно (егер ем-шара палатада өтетін болса), температурасы 20°-22°С 1,5-2,0 л. су, салфеткалар, әжетхана қағазы, су термометрі, клеенка, жаялық, клеенка алжапқыш, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Науқасты пердемен бүркеп қойыңыз (егер ем-шгара палатада өтетін болса).

3. Халатты, масканы, клеенка алжапқышты киіңіз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Эсмарх кружкасына температурасы 20°-22°С, 1,5-2,0 л су құйып, қысқышын бекітіңіз.

6. Кружканы штативке науқастан 1м жоғарыға іліңіз, үштігін кигізіп, вазелин жағыңыз.

7. Резіңке түтікшенің қысқышын ашып, судың біраз мөлшерін ағызып жіберіңіз, ауасын шығарыңыз, қысқышты жабыңыз.

8. Кушетка жанына еденге шылапшын қойыңыз.

9. Кушеткаға бір ұшы шылапшынға қарай түсіп тұратын клеенка, оның үстіне жаялық төсеңіз.

10. Науқасты кушетканың бір шетіне сол жағымен жатқызыңыз, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, қарнына тақаңыз, ал сол аяғы ұзынынан созылып жатуы тиіс.

11. Сол қолыңыздың I және II саусақтарымен науқастың бөкселерін ашып, оң қолыңызбен артқы тесікке үштікті айналмалы қозғалыспен абайлап тік ішекке енгізіңіз, сонан кейін кіндік бағытына қарай 3-4 см дейін, әрі қарай омыртқаға параллель 8-10 см тереңдікке бойлатыңыз.

12. Су ішекке баяу түсуі үшін қысқышты ашыңыз, егер су жылдам түсетін болса ішек ауыруы мүмкін, науқастан қарнымен терең тыныс алуын өтініңіз (егер ішекке су түспесе кружканы жоғары көтеріңіз және үштіктің қалыбын өзгертіңіз), нәтиже шықпаса үштікті шығарып алып, басқасына өзгертіңіз.

13. Ішекке су енгізгеннен кейін (ішекке ауа кетпеу үшін, суды кружканың тар бөлігіне дейін жеткізу керек) қысқышты бекітіп, айналдыра отырып үштікті абайлап шығарыңыз.

14. Попросите Науқасты лечь на спину, глубоко дышать и задержать воду в кишечнике на 5-10 минут, для лучшего разжижения каловых масс

15. Егер емшара палатада өтсе науқасқа судно беріңіз немесе унитазға дейін жеткізіңіз, оған суды бірден жібермей, порциясымен жіберу керек екендігін ескертіңіз.

16. Артқы тесікті тазалаңыз.

17. Үштікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

18. Клеенка алжапқышты, халатты, масканы, қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды , қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- егер 5-10 минуттан кейін сумен бірге көп мөлшердегі газдары бар мол нәжіс шықса, тазалау клизмасы сәтті өткен болып есептеледі;

- атониялық іш қатуда су температурасы төмен болуы тиіс (Тй-12°-20°С), ал спастикалық іш қатуда - жоғары (до Т°-370~42°С), ал іш қатуда - (Т°-20°-25°С) болуы тиіс.

- егер науқастан нәжіс аз шықса, дәрігер науқасты қарап болғаннан кейін клизманы қайталау керек.