Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

115. Стандарт «Науқасты және медициналық құрал- саймандарды жұлынды (люмбальды) тесуге дайындау»

Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).

Қолдану көрсетілімдері: менингиттер.

Дайындау қажет: зарарсыздандырылған: шприцтер (5 мл, 10 мл, 20 мл) инелерімен, тесуге арналған мандрені бар ине, пинцеттер, салфеткалар және мақта шариктері, лоток, қоректі орта, приборлар, қолғап, манометриялық түтік, 70% спирт, 5% спиртті йод ертіндісі, 0,5% новокаин ертіндісі, жабысқақ пластырь, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасты алда болатын зерттеу туралы хабардар етіңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Асептика ережесін қатал сақтай отырып, дәрігер пункция жасайды.

3. Науқасты емшара кабинетіне апарыңыз.

4. Науқасты оң жақ қырымен кушетканын шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек).

5. Науқастың арқасы мықты болуы үшін, сол қолыңызды науқастың бір бүйіріне салыңыз, ал оң қолыңызбен аяғын ұстаңыз. Пункция барысында көмекші науқастың басын ұстап тұруы тиіс.

6. Тесуді 3 және 4 бел омыртқалар арасына жасайды.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

8. Тесілетін жердің терісін 5% йод ертіндісімен, сонан кейін 70% спиртпен өңдеңіз.

9. Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезия (жансыздандыру) жасау үшін дәрігерге 0,5% новокаин ертіндісі бар шприцті, сонан кейін пункциялық инені мандренімен лотокқа салып беріңіз.

10. 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық зертханаға жіберіңіз.

11. Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5мл жұлын сұйықтығын қоректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық зертханаға жіберіңіз.

12. Жұлын сұйықтығының қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.

13. Пункциялық инені алғаннан кейін, тесілген жерді 5% спиртті йод ертіндісімен өңдеңіз.

14. Зарарсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, жабысқақ пластырьмен жабыстырыңыз.

15. Науқасты зембілге ішімен жатқызып палатаға жеткізіңіз.

16. Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен 2сағат жатқызыңыз.

17. Науқастың жағдайын тәулік бойы бақылаңыз.

18. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты КБСУ-ға, ал қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Хi. Пункциялар

116. Стандарт «Науқасты және медициналық аспаптарды стернальді пункцияға дайындау»

Мақсаты: диагностикалық: қан ауруының диагнозын қою немесе растау мақсатында жұлынды зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналу жүйесінің аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: миокард инфаркті, кеңірдек тарамдары демікпесінің ұстамасы, кең ткөлемді күйік, тері аурулары, тромбоцитопения.

Дайындау қажет: стерильді: лоток, 10-20 мл шприцтер, пункционную иглу Кассирскиидің пункциялық инелері, 8 дана шыны бөліктері, мақта және дәке шариктері, корнцанг, пинцет, қолғап, 70% спирт, 5% йодтың спиртті ерітіндісі; жабысқақ пластырь, стерильді таңу материалы, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы хабар беріңіз және оның келісімін алыңыз.

2. Стернальді пункцияны ем-дом кабинетінде дәрігер өткізеді.

3. III-IV қабырға аралықтарындағы деңгейде кеуде тесіледі..

4. Манипуляция барысында мейірбике дәрігерге ассистент болуы тиіс.

5. Науқасты ем-дом кабинетіне шақырыңыз.

6. Науқастан беліне дейін шешінуін сұраңыз. Оның тақтай төсекке жастық салмай шалқасынан жатуына көмектесіңіз.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

8. Алдымен 5% йод ерітіндісіне,батырылған стерилді мақта шаригімен, сонан кейін 70% спиртпен 2 рет науқастың кеуде торын бұғанасынан бастап эпигастрий аймағына дейін өңдеңіз.

9. III-IV қабырға аралықтарының деңгейінде кеудесінің ортасынан 2% новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін, жұмсақ ұлпалардың қабатты инфильтрациялық анестезиясын жасаңыз.

10. Стерилді шприцті және Кассирскиийпункциялық инесін ине ұшынан 13-15 мл қашықтықтағы жерге кедергі қорғанышын орнатып дәрігерге беріңіз.

11. Дәрігер кеудені теседі. Қолы иненің кіргенін сезінгенде, мандренді алып, инеге 20,0 мл шприцті жалғайды, оған 0,5-1 мл жұлын сұйықтығын тартып алып, шыны бөлігіне құяды.

12. Шыны бөлігін кептіріңіз.

13. Инені алғаннан кейін тесілген жерді 5% йодтың спиртті ерітіндісімен немесе 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз, үстіне стерилді таңғыш қойып, жабысқақ пластырьмен жабыстырып қойыңыз.

14. Қолғапты шешіңіз.

15. Қолданылған қолғаптарды, шприцтер мен мақта шариктерін КБСУ ыдысына салыңыз..

16. Қолыңызды сабынмен жуып, құрғатыңыз.

17. Науқасты палатасына жеткізіп салыңыз.

18. Материалы кепкеннен ткейін шыны бөліктерін жолдамаларымен бірге зертханаға жіберіңіз.

Ескерту: Кассирский инесі – инені тым терең кіріп кетуден сақтайтын қорғанышы мен мандрені бар жуан қабырғалы қысқа ине.