Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Хi. Пункциялар

114. Стандарт «Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге ( лапароцентезге) дайындау»

Мақсаты: диагностикалық: асциттік сұйықтықты лабораториялық зерттеу;

Емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу.

Қолдану көрсетілімдері: іш шемені, іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі.

Қарсы көрсетілімдері: гипотония, іш қуысындағы жабысу процестері, іш метеоризмі.

Дайындау қажет: зарарсыздандырылған: мақта шариктері, қолғап, троакар, скалпель, 5, 10, 20 мл шприцтер, салфеткалар, қақпағы бар банкі, 0,5% новокаин ертіндісі, 5% йод ертіндісі, 70% спирт, шығарылған сұйықтықты құюға арналған ыдыс, шылапшын, пробиркалар, енді ақ сүлгі немесе жайма, жабысқақ пластырь, анафилактикалық есеңгіреуде көмек көрсетуге арналған жиынтық, ішінде зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, зерттеуге жіберетін жолдама, танғыш материалдары, пинцет, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

  1. Науқасты алдағы болатын зерттеу туралы хабардар етіңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Зерттейтін күні таңертен науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз.

  3. Науқастан манипуляция жасау алдында қуығын босатуын сұраңыз.

  4. Науқасты орындықтан арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Науқастын аяғын клеенкамен жабыңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық денгейде жуыңыз, тері антисептігімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  6. Кіндік пен қасаға арасының терісін өңдеу үшін, 5% спирттелген йод ертіндісін, сонан кейін тері антисептігін дәрігерге беріңіз.

  7. Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық анестезия жасау үшін, 0,5% новокаин ертіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз. Лапороцентезде алдынғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта, осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады.

  8. Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылай отырып троакарды іштің қалыңдығы арқылы итеріп, енгізеді, сонан кейін стилетті шығарады, асциттік сұйықтық қысыммен канюла бойымен аға бастайды.

  9. Іш қуысынан ағатын сұйықтық үшін, науқастың алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз.

  10. Лабораториялық зерттеу үшін зарарсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтық алыңыз (бактериялогиялық және цитологиялық).

  11. Науқастың ішінің астынан зарарсыздандырылған ақ жайманы немесе кең сүлгіні өткізіңіз, оның шеттерін мейірбике ұстап тұруы тиіс. Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен жерді ақжаймамен немесе сүлгімен қамтып, ішті таңып тастаңыз.

  12. Сұйықтық шыққан сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл- мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен кысыңыз.

  13. Емшара аяқталғаннан кейін канюляны шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5% йод ертіндісімен өндеп, асептикалық таңғыш қойыңыз.

  14. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  15. Қолданылған құрал-саймандарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салып, қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді КБСУ ыдысына салыңыз.

  16. Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.

  17. Науқасты палатаға зембілмен тасымалдаңыз.

  18. Науқасқа манипуляциядан кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтауы тиіс екенін (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) ескертіңіз.

  19. Алынған биологиялық материалды лабораториялық зерттеуге жіберіңіз.

Ескерту:

- манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;

- сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінеуінен пайда болады.