Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

X. Дәрілік заттарды ауыз арқылы енгізу.

112. Стандарт «Көк тамырлық перифериялық және бұғаналық катетерге күтім жасау»

Мақсаты: инъекциядан кейін болатын асқынулардың алдын алу.

Асқынулары: катетердің бітелуі, жара мен катетерде ЖИТС белгілерінің пайда болуы (катетерді жылдам алып тастау қажет); катетердің сыртқы жағының зақымдануы (катетерді ауыстыру қажет).

Дайындау қажет: стерильді: тамырішілік перифериялық катетерлерге арналған орамындағы тығын, 1:1000 гетаринизирленген ерітіндісі бар 10 мл шприц, 5 мл стерилді физиологиялық ерітіндісі бар шприц, лоток, таңу материалы, қолғап, тері антисептигі, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасты тыныштандырыңыз, алда болатын манипуляцияның барысын түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Жалғау түтікшесінің астына екі стерильді салфетканы салыңыз, инфузияны тоқтатыңыз.

4. Көк тамырлық (бұғаналық) перифериялық катетердің жалғау түтікшесінен дәрілік заттарды тамырішілік құюға арналған жүйені шығарып алыңыз.

5. 5 мл физиологиялық ерітіндісі бар шприцті катетерге жалғаңыз және оны жуыңыз (антибиотиктерді, қоюланған глюкоза ерітінділерін, қан препараттарын енгізгеннен кейін).

6. Шприцті катетердің жалғау түтікшесінен шығарыңыз.

7. Катетердің жалғау түтікшесіне гепаринизирленген ерітіндісі бар 10 мл шприцті жалғап (тромбоздың алдын алу үшін және көк тамырда катетердің жұмысын ұзарту үшін), катетерге енгізіңіз.

8. Катетердің жалғау түтікшесінен шприцті шығарыңыз.

9. Катетердің аузын тығынымен бекітіңіз.

10. Қолданылған шприцтерді КБСУ ыдысына салыңыз.

11. Таңғышты тексеріңіз, қажет болған жағдайда ауыстырыңыз.

12. Асқынуды ертерек байқау мақсатында пункция жасалған жерді жиі тексеріп тұрыңыз.

13. Препаратты енгізу барысында ісіну, қызару, дене қызуы, ағу, ауырсыну сезімдері пайда болса дәрігерге хабар беріңіз.

Ескерту: катетердің әрбір жалғануы – инфекцияның кіру есігі. Сондықтан асептика ережелерін қатаң сақтау керек, стерилді қолғаппен жұмыс жасау қажет.

Хi. Пункциялар

113. Стандарт «Науқасты және медициналық құрал-саймандары плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау»

Мақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу, плевра куысынан сұйықтықты алу; емдік: плевра қуысына дәрілік заттарды енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: жарақаттану гемотораксы ; спонтанды, қақпақты пневмоторокс, тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы, туберкулез, өкпе қатерлі ісігі, т.б.).

Қарсы көрсетілімдері: жоғары қанағыштық, тері аурулары (пиодермия, белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі).

Дайындау қажет: зарарсыздандырылған: мақта шариктері, дәке салфеткалары, жаялықтар, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инелер, плевра қуысын тесуге арналған ұзындығы 10см және диаметрі 1-1,5мл инелер, 5,10, 20,50 мл шприцтер, пинцеттер, 0,5% новокаин ертіндісі, 5% спиртті йод ертіндісі, 70 % спирт, қысқыш, клеол, жабысқақ пластырь, кеуде торының 2 рентгенограммасы, плевра сұйықтығына арналған зарарсыздандырылған ыдыс, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, зертханаға жолдама, анафилактикалық есеңгіреуде жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, қолғап, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

  1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына қоюуын (потологиялық процесс бар жағына) сұраңыз.

  3. Науқастан денесін сәл бір қырына қарай бұруын сұраңыз, дәрігер тесетін жерге қарама-қарсы жағына.

  4. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, тері антисептігімен өңдеңіз, зарарсыздырылған қолғапты киіңіз.

  6. Болжамды тесетін жерді 5% спиртті йод ертіндісімен, сонан кейін 5% спирт ерітіндісімен және қайтадан йодпен өндеңіз.

  7. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия жасау үшін, шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ертіндісін дәрігерге беріңіз.

  8. Астынғы қабырғаның жоғарғы қырынан 7-8 қабырға аралығын теседі, өйткені қабырғаның төменгі қырынан тамыр-жүйке будалары өтеді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.

  9. Дәрігер пункциялық инені плевра қуысына енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.

  10. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.

  11. Шприцтегі сұйықтықты лабораториялық зерттеуге арналған зарарсыздандырылған банкіге (пробиркаға) құйыңыз.

  12. Ішінде антибиотигі бар шприцті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз.

  13. Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ертіндісімен өңдеңіз.

  14. Тесілген жерге зарарсыздырылған салфетканы қойып, жабысқақ пластырьмен немесе клеолмен бекітіңіз.

  15. Плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баяулату және талықсудың дамуының алдын алу үшін, кеуде торын қатты керілген ақ жаймамен таңып қойыңыз.

  16. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  17. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцтерді, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, ал пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  18. Науқастың көңіл-күйін, танғышын қадағалаңыз, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.

  19. Науқасты ішімен зембілге жатқызып, палатаға апарыңыз.

  20. Науқасқа манипуляциядан кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екенін ескертіңіз.

  21. Алынған биологиялық материалды жолдамасымен лабороториялық зерттеуге жіберіңіз.

Ескерту:

- плевра қуысынан бірден 1 л-ден көп сұйықтық алынса, талықсу дамуының қаупі бар, ферменттер мен клеткалық элементтердің бұзылуын болдырмау үшін плевра сұйықтығын лабараторияға кешіктірмей жеткізу қажет;

- ине плевра қуысына кіргенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскендей сезім пайда болады.