Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

X. Дәрілік заттарды парентеральді жолмен енгізу

108. Стандарт «Бұлшық етке инъекция жасау»

Мақсаты: емдік – бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клечаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялардың болуы.

Енгізу жерлері: бөксенің жоғарғы – сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр бетінің ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы бетінің жоғарғы үштен бір бөлігі.

Асқынулары: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис, май эмбодиясы (тамырдың бітелуі), абсцесс, инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирусты гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Дайындау қажет: зарарсыздандырылған: мақта шариктері, көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприц, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған ине, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік заттар, 70 % спирт, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалыпқа көшуіне көмектесіңіз:

  • бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

  • санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;

  • иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

4. Инъекция жасайтын жердің киімін шешіңіз.

5. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенің жоғарғы – сыртқы бөлігі).

6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз, түйін болмауы тиіс және қатаймауы керек.

7. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, оны тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз (стандартты қараңыз).

8. Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке алыңыз: шприцті орауының ішіне салаңыз.

10. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.

11. Спиртке малынған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сонан кейін инъекция жасайтын жерді. Спирттелінген үшінші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақ арасына салыңыз.

12. Оң қолға шприцті алыңыз (V саусақпен иненің канюласын; ІІ саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; І, ІІІ, ІV саусақтарды цилиндрге қойыңыз - поршеннің сабы бос болуы керек).

13. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп ұстаңыз.

14. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 90º бұрышпен ұстап тұрып), тері үстіндегі иненің қалған бөлігінің ұзындығы кем дегенде 0,5 см болуы тиіс.

15. Сол қолды поршенге қойыңыз, ІІ және ІІІ саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстаңыз, І саусақпен поршенді басып тұрып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

16. Спиртке малынған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

17. Оң қолмен инені жылдам шығарып алыңыз.

18. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл массаж жасаңыз.

19. Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

  • cанның алдынғы жағының ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы жағының жоғарғы үштен бір бөлігінің бұлшық еттеріне инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені 45º бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін;

  • майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізу алдында, иненің қан тамырларына түспегеніне көз жеткізіңіз, поршенді өзіңізге қарай баяу тартыңыз, егер де шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненің қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжыта отырып, иненің қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көз жеткізгеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайта салыңыз, инені ауыстырыңыз және басқа жағынан енгізіңіз.

  • инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқыш қойыңыз, йодты тор жасаңыз.

  • майлы ерітінділерді енгізу алдында, су моншасында t – 37- 38ºC жылытыңыз.