Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

X. Дәрілік заттарды ауыз арқылы енгізу.

107. Стандарт «Инсулин енгізу»

Мақсаты: қан құрамындағы глюкозаны төмендету үшін белгілі бір уақыт аралығында инсулин дозасын дұрыс енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: ИЗСД, кетоацидозаны, команы емдеу.

Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакцияның болуы.

Асқынулары: аллергиялық реакция, липодистрофия, ісінулер.

Салынатын жерлері: иық сыртының үштен бір бөлігі, жамбастың алдыңғы жанының үштен бірінің орта бөлігі, іш қуысының алдыңғы жаны.

Дайындау қажет: инсулин ерітіндісі бар құты, спирт 70°, стерильді: лоток, пинцет, мақта шариктері, бір рет қолданылатын инсулин шприцтері, қолғап, КБСУ, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Құтыдағы жазуды оқыңыз: атауы, (коробкі мен құты зат таңбасындағы атуын және әріп белгілерін тексеріңіз) дозасы, жарамдық мерзімі, тағайындау парағымен салыстырыңыз.

4. Инсулині бар құты сапасын визуалды қарап шығыңыз. Препарат концентрациясына, а.а. 1 мл БС, назар аударыңыз. Инсулин мен шприцтің зат белгісін мұқият оқып шығыңыз. Шприцтің бір бөлігіндегі инсулин бірлігін, концентрациясына байланысты есептеңіз.

5. Мерзімінен өтіп кеткен инсулинді, ерітіндінің тұнбалылығы бірдей болуы үшін, құтысымен алақандарыңыздың арасына салып 3-5 минут ысқылаңыз (сілкілемеңіз!). Әсері қысқа инсулин мөлдір болып келеді, оны араластырудың қажеті жоқ.

6. Инсулині бар құтыны 36°-37°С былаумен жылытыңыз.

7. Орамдағы инсулин шприцін қолыңызға алыңыз. Жарамдық мерзімі мен орамның бүтіндігін тексеріңіз. Орамды ашып, шприцті жинаңыз.

8. Құтының металын пинцетпен ашыңыз.

9. Резіңке тығынды спирттелінген мақта шаригімен екі рет сүртіңіз, құтыны бір шетке қойып, спиртін кептіріңіз.

10. Инсулин шприцін қолға алып, қажетті бірлік инсулинін сорып алғанша шприцтің поршенін тартыңыз. Шприцке сонымен бірге ауа да кіреді. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең болуы тиіс.

11. Шприцке алынған ауаны құтыдағы инсулинге енгізіңіз.

12. Науқастан жатуын немесе отыруын өтініңіз.

13. Инъекция жасайтын жерді реттілікпен тері антисептигіне малынған екі мақта шариктерімен тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сонан кейін инъекция жасайтын жерді. Терісі кебуі тиіс.

14. Шприцтің қалпағын алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулин мөлшерін тиісті дозаға дейін жеткізіңіз.

15. Шприцті оң қолмен ұстаңыз.

16. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған жерін үш бұрышты қыртыс етіп төмен қаратып жиыстырыңыз.

17. Тері асты майлы қабаты ортасына 30-45º бұрышпен үш бұрыш қыртысының негізіне, ине қиығын жоғары қаратып ұстап иненің ұзындығымен жылдам енгізіңіз.

18. Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.

19. Иненің қан тамырларына түспегенін тексеріп, инсулинді баяу енгізіңіз

20. Инені жылдам шығарып алыңыз, зарарсыздандырылған құрғақ мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. Қолғапты шешіңіз.

21. Науқасты тамақтандырыңыз.

22. Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

23. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: - инсулин дозасы бірлікпен өлшенеді. Инсулиннің әртүрлі концентрациядағы үш түрі болады: 40 ЕД/мл, 80 ЕД/мл, 100 ЕД/мл. Шприцтің таңбасын түсіне білу керек, өйткені салынатын инсулиннің көлемі, а.а. миллилитрдегі бірлік саны, оның концентрациясына байланысты. Сондықтан әрқашан инсулиннің концентрациясы белгіленген шприцті пайдалану қажет. Дұрыс таңдалынбаған шприц инсулин дозасының қате болуына әсер етуі мүмкін, ал ол қанның құрамындағы қант мөлшерінің өте жоғары (гипергликемия) немесе өте төмен (гипогликемия) болуы сияқты күрделі мәселелерді туындатуы мүмкін;

  • Инсулинді тері ішінен бір жерден сала беру липоатрофияға (терінің сығылуына) немесе липогипертрофияғы (терінің өсуі немесе қатаюына) алып келуі мүмкін;

  • Инсулиннің әсерін жақсарту үшін әркүні таңертең ішке салу қажет, өйткені инсулин сол жерден тез сіңеді, күндіз – иық сыртының жоғарғы үштен бір бөлігіне, ал кешке – жамбастың немесе бөксенің майлы тері талшығына енгізіледі.