Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

X. Дәрілік заттарды ауыз арқылы енгізу.

103. Стандарт «Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері» Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері

Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы құтыларда шығарылады. Оларды колданар алдында 0,9% стерильді изотоникалық натрий хлоридінің ерітіндісінде, инъекцияға арналған суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісімен ерітеді. Ерітіндіні стерильді шприцке антибиотиктің мөлшеріне байланысты сорып алады. Ол мыңдык бірлікте мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді дайындап болғаннан кейін тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик мөлшерін салу үшін, мейірбике антибиотигі бар құтыны алуы тиіс, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізеді, сонан кейін ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа салады. Антибиотикті қолдану нұсқауында, әдетте осы антибиотикті еріту ережесі көрсетіледі.

Антибиотикті ерітудің классикалық тәсілі колданылады: 1 мл - 100.000 ЕД және 1мл- 200.000 ЕД.

1. Құтыға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, құтыдағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:

  • 500.0 ЕД: 100.000ЕД = 5 мл (классикалык еріту барысында);

  • 500.0 ЕД: 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл - 200.000ЕД еріту кезінде).

2. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуі тиіс ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлу керек.

- 1 мл 100.000 ЕД еріту барысында науқасқа 500.000 ЕД антибиотик енгізу тағайындалған, ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

  • 1 мл 200.000 ЕД еріту барысында наукаска 500.000 ЕД антибиотик енгізу тағайындалған, ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.

X. Дәрілік заттарды ауыз арқылы енгізу.

104. Стандарт «Терішілік инъекция жасау»

Мақсаты: диагностикалык.

Қолдану көрсетілімдері: туберкулез (Манту. Пирке байкауы), бруцеллез диагностикасы үшін, антибиотиктерге аллергиялык реакцияны анықтау үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін, сырткы жансыздандыру үшін.

Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі және инъекция жасалатын жерде тері ауруларының болуы.

Аскынулар: инфильтрат.

Енгізілетін жері: білектің ішкі бетінің үштен бір бөлігі.

Дайындау қажет: стерильді: ұзындығы 15 мм инесі бар сыйымдылығы 1мл бір рет қолданылатын шприц, мақта шариктері, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, 70% спирт, КБСУ.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

3. Бір рет колданылатын орауды ашып, шприцті кұрастырыңыз (стандартты караңыз).

4. Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, білектің ішкі бетін жоғары қаратып койыңыз.

6. Инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне батырылған екі мақта шариктерімен келесі реттілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сонан кейін тікелей инъекция жасайтын жерді (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.

7. Шприцті оң қолыңызға алыңыз:,оң қолдың II саусағымен - иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцтің поршенінен, III, IV, I саусақтармен - цилиндрден ұстаңыз.

8. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекция жасалатын төмендеу жерді тартыңыз.

9. Иненің қиығын жоғары қаратып, тері бетіне (5°С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек кана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің калыңдығынан корінеді) енгізіңіз.

Оң қолдың сұқ саусағымен иненің канюлясынан сәл басып бекітіңіз.

10. Шприцті бір қолдан екінші қолға ауыстырмай, сол колдың II, III саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

11. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» кабығындай).

12. Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам шығарып алыңыз (тері антисептигімен батырылған мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

13. Шприцті КБСУ ыдысына тастаңыз..

14. Қолғапты шешіңіз, КБСУ ыдысына салыңыз.

15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

16. Белгілі бір уакытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқаска түсіндіріңіз.