Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

X. Дәрілік заттарды ауыз арқылы енгізу.

102. Стандарт «Құтыдан дәрілік затты сорып алу»

Мақсаты: дәрілік затты парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Дайындау қажет: стерильді: дәрілік ерітіндісі бар құты, бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктері, қолғап, 70% спирт, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, лоток, қауіпсіз жинауға және жоюға арналган контейнер, дәрігердің ем тағайындау журналы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрігер тағайындаған дәрілік затты қолыңызға алыңыз, ем тағайындау парағымен салыстырыңыз.

2. Дәрілік заттың атын, дозасын оқыңыз, сақталу мерзімі мен сыртқы көрінісін тексеріңіз.

3. Қолыңызды гигиеналык деңгейде жуыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз (стандартты қараңыз).

4. Орауды ашып, шприцті кұрастырыңыз (стандартты қараңыз).

5. Зарарсыздандыру ерітіндісінен пинцетті алыңыз, құтының алюминий қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.

6. Тері антисептигіне суландырылған мақта шаригімен құты резеңке тығынын сүртіңіз. Оны кептіріңіз.

7. Оң қолыңызға құрастырылған шприцті алыңыз: II саусақпен иненің канюлясын, I, III және IV саусақтарыңызбен цилиндрді, V саусақпен шприцтің поршенін ұстаныз.

8. Шприцті 90° бұрышқа бұрып ұстаңыз, құтының тығынын ортасынан тесіп, инені 0,5-1,0 см құтыға енгізіңіз, құтыны сол қолыңызбен ұстаңыз.

9. Құтының түбін жоғары қаратып көтеріп, оны сол колыңыздың II және III саусақтарымен ұстаңыз, IV саусақпен канюляны, I және V саусақтармен шприцтің цилиндрін ұстаңыз. Оң колыңызбен дәрілік ерітіндінің қажетті мөлшерін сорып алыңыз.

10. Сорып алған дәрілік ерітіндісі бар шприцті құтының инесінен алыңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, бекітіңіз.

11. Шприцті көз деңгейінде инесін жоғары қаратып тік қалыпта сол қолыңызға ұстаңыз (V саусақ шприц поршенінде, II саусақ иненің канюлясында, I, III және IV саусақтар цилиндрде болуы тиіс).

12. Оң қолыңыздың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегінен ұстаңыз. Иненің өткізгіштігін тексеріңіз: ауаны және ерітіндінің 1-2 тамшысын сыртқа шығарыңыз. Инеден қорғаныш қақпағы алынбауы тиіс.

13. Дайындалған шприцті және тері антисептигіне батырылған мақта шариктерін ораудың ішіне салыңыз.

14. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: антибиотиктерді еріту:

1,2,3, 4, 5, 6 тармақтарды қараңыз.

7. 1 мл 100.000 ЕД антибиотик ерітіндісін шприцке сорып алыңыз (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).

8. Құрғак антибиотигі бар құтыны сол қолыңызға, ал оң қолыңызға еріткіші бар шприцті алыңыз.

9. Шприцті 90° бұрышқа ұстап, құты ортасындағы тығынын тесіңіз. Шприцтегі ерітіндіні құтыға енгізіңіз.

10. Құтыны инесімен бірге шприцтен алыңыз, инесіне тигізбей, антибиотик толық ерігенше құтыны бірнеше рет сілкіңіз.

11. Шприцті инеге қайтадан қосып, антибиотиктің тағайындалған мөлшерін алыңыз.

12. Шприцті инесімен құтыдан алыңыз, инъекцияға арналған инені ауыстырыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз: ауасын шығарыңыз, ерітіндінің 1-2 тамшысы бөлінуі тиіс, қорғаныш қақпағын шешпеңіз.

13. Дайындалған шприцті және тері антисептигіне малынған мақта шариктерін ораудың ішіне салыңыз.

14. Қолданылған антибиотик құтысын, мақта шариктерін, қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.