Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Іх. Дәрілік заттарды парентеральды жолмен енгізу

100. Стандарт «Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру»

Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, ол пайдалануға келесі жолмен дайындалады:

Дайындау қажет: зарарсыздандырылған мақта шариктері, қолғап, бір рет қолданылатын шприцті, тері антисептигі, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, тері антисептигіне ылғалдатылған мақта шариктерімен тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

2. Ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алыңыз, оның жасалған күнін және ауа өткізбейтінін тексеріңіз.

3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршенін жоғары қаратып алыңыз.

4. Орауды поршень жағынан ашыңыз.

5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтін ине астындағы конусына жалғастырыңыз.

6. Саусақтарыңызбен ине канюлясын не астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) үйкеңкіреп бекітіңіз.

7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны алып, қайтадан шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

Ескерту:

- қолданылған инеге қайтадан қалпағын кигізуге, инені майыстыруға және сындыруға, ауыстыруға тыйым салынады.

- қолданылған шприцтерді, инелерді, системаларды су өткізбейтің, тесілмейтін бір реттік медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге (КБСУ) салу қажет.

X. Дәрілік заттарды ауыз арқылы енгізу.

101. Стандарт «Ампулаға дәрілік ерітіндіні алу».

Мақсаты: Дәрілік затты ауыз арқылы енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Дайындау қажет: стерильді: бір рет қолданатын шприц, мақта шариктері, қолғап, дәрілік заты бар ампула, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, лоток, 70% спирт, егеу, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф.004-1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрігер белгілеген дәрілік затты алып, дәрігердің ем тағайындау парағымен салыстырыңыз.

2. Дәрілік заттың атауын, концентрациясы мен дозасын мұқият оқып шығыңыз, жарамдық мерзімі мен сыртқы түрін тексеріңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

4. Бір рет қолданатын шприцті орамасынан алып жинаңыз (стандартты қараңыз).

5. Ампуланы сол қолыңызға алыңыз, ерітінді ампуланың кең бөлігіне ауысқанша баяу сілкілеңіз.

6. Ампуланың мойын жағын спиртке малынған стерилді мақта шаригмен жоғарыдан төмен қарай сүртіңіз, мақта шаригін КБСУ ыдысына тастаңыз.

7. Ампуланың мойнын егеумен егеңіз.

8. Ампуланың егелген жерін мақта шаригімен сүртіңіз, ампуланың ұш жағын өзіңізден әрі қарай жылдам сындырып алып, аузын ашыңыз. Ампуланың сынықтары мен мақта шаригін КБСУ ыдысына тастаңыз.

9. Сол қолыңыздың II және III саусақтарымен ампуланың ашық жағы алақаныңыздың ішкі жағында болатындай етіп ұстаңыз.

10. Цилиндрінің бөліктері көрінетіндей етіп жиылған шприцті оң қолыңызға алыңыз, II саусағыңызбен иненің канюлясынан ұстаңыз, ал I, ІІІ, IV саусақтарыңызбен цилиндрді ұстаңыз, V саусақпен шприцтің поршенін ұстаңыз.

11. Инені ампулаға 0,5 мм ұзындыққа дейін шеттеріне тимей енгізіңіз, сол қолыңыздың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтары цилиндрде болуы тиіс. Оң қолыңызбен поршеньді төмен тартып ерітіндінің қажетті мөлшерін шприцке алыңыз, иненің ерітіндіде болуын қадағалаңыз.

12. Сұйықтық кеміген сайын ампуланың түбін жоғары көтере отырып, дәрілік ерітіндіні шприцке баяу алыңыз.

13. Ерітіндіні алған инені шешіп, инъекцияға арналған инеге ауыстырыңыз. Бір рет қолданатын шприцпен жұмыс жасағанда басқа орамдағы шприцті алыңыз.

14. Шприцті сол қолыңызға алып инесін жоғары қаратып көз деңгейінде тік қалпында ұстаңыз, ауасын шығарыңыз, ерітіндінің 1-2 тамшысын инеден тысқа шығарыңыз (V саусақ поршенде, II – иненің канюлясында, 1, III және IV саусақтар – цилиндрде болуы тиіс).

15. Оң қолыңыздың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтарыңызбен цилиндрді ұстап, ауасы мен 1-2 тамшы дәрісін шығарыңыз, шприцте ауаның болмауын тексеріңіз. Иненің қақпағын шешпеңіз.

16. Дәрілік заты бар шприцті орамның ішкі жағына қойыңыз.

17. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.