Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

98. Стандарт «Жақпа майды теріге сіңдіріп жағу»

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындау қажет: жақпа май, сабын, су, сүлгі, дәке тампондары немесе мақта шариктері, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф.004-1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындау парағына сәйкес науқасқа жақпа майды таңдап алыңыз.

3. Жақпа майдың жарамдығын тексеріңіз (атауын, жарамдық мерзімін тексеріңіз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

4. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, дәрілік препарат туралы тиісті ақпаратты беріңіз.

5. Науқасқа емшараға ыңғайлы жайғасуына көмектесіңіз.

6. Терінің жақпа майды сылайтын жерін қарап шығыңыз.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Қолғапты киіңіз.

8. Науқастың терісін жылы сумен сабындап жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

9. Теріге арнайы құралмен (дәке тампондары, мақта шариктері) жақпа майдың тиісті мөлшерін жағыңыз.

10. Дәрігер белгілеген жерге жақпа майды науқастың терісі кепкенше айналдырып жағып шығыңыз.

11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

12. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

Ескерту:

- жақпа майды терінің шашы бар жеріне және тері зақымданған болса жағудың қажеті жоқ. Қажет болған жағдайда шашты қырып тастайды;

- егер жақпа май теріні қатты тітіркендірмесе, онда оны науқастың өзі жағуына болады (саусақтарының ұшымен). Саусақтардың қозғалысы жеңіл, айналмалы болуы тиіс;

- Науқасқа жақпа майды сылап жаққанға дейін және онан кейін қолын жуу керек екенін айтыңыз.

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

99. Стандарт «Теріге дәрілік ерітіндіні сіңдіру».

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.

Дайындау қажет: дәрілік ерітінді, сабын, су, сүлгі, дәке тампондары немесе мақта шариктері, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф.004-1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

2. Науқасқа дәрігердің ем тағайындау парағына сәйкес дәрілік ерітіндіні таңдаңыз.

3. Дәрілік ерітіндінің жарамдығын тексеріңіз (атауын, дозасын, жарамдық мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

4. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы ақпаратты беріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Қолғапты киіңіз.

6. Науқастың терісін жылы сумен сабындап жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

7. Теріге арнайы құралмен (дәке тампондары, мақта шариктері) жақпа майдың тиісті мөлшерін жағыңыз.

8. Науқастың терісіне жақпа майды терісі кепкенше айналдырып жағып шығыңыз.

9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

10. Қолданылған мақта шариктерін, дәке тампондарын, қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.