Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

95. Стандарт «Теріні дәрілік ерітінділермен сылау»

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындау қажет: дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінділер, стерильді дәке тампондары, пинцет, лоток, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф. 004-1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындау парағына сәйкес науқасқа дәрілік затты таңдап алыңыз.

3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (препараттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін оқыңыз).

4. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа дәрілік зат туралы қажетті ақпаратты беріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Дәке тампонын тиісті дәрілік ерітіндіге батырыңыз.

7. Жеңіл қозғалыспен дәрілік ерітіндіні науқастың терісіне жағыңыз (шашының өсу бағыты бойынша).

8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

9. Қолданылған тампондарды, қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

Ескерту: теріде іріңді аурулар болса, айналасы шетінен бастап ортасына қарай жағылады.

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

96. Стандарт «Жақпа май таңғышын қою»

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындау қажет: стерильді шпатель, стерильді салфетка, мақта, бинт, қайшы, дәрігер тағайындаған жақпа май, қолғап, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф.004-1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес жақпа майдың жарамдылығын тексеріңіз (атауын, жарамдылық мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы ақпаратты беріңіз.

4. Науқасқа емшараға ыңғайлы қалыпқа келуіне көмектесіңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Стерильді салфеткаға жақпа майдың тиісті мөлшерін стерильді шпательмен салыңыз.

7. Жақпа майы бар салфетканы науқастың терісіне қойыңыз, салфетканың үстіне кішкене мақта қойыңыз.

8. Жақпа майы бар салфетканы дәке немесе түтікшелі бинтпен байлаңыз.

9. Шпательді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

10. Қолғапты шешіңіз, оны КБСУ ыдысына салыңыз.

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

12. Науқасты таңғышты қанша уақыт ұстап жүру керектігін ескертіңіз.

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

97. Стандарт «Теріге жақпа май жағу».

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындау қажет: дәрігер тағайындаған жақпа май, стерильді шыны күрекше немесе шпатель, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф.004-1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік препараттың жарамдығын тексеріңіз (жақпа майдың атын, дозасын, жарамдық мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, Дәрілік препарат туралы ақпаратты беріңіз.

4. Науқасқа емшараға ыңғайлы жайғасуына көмектесіңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Шыны күрекшеге тюбиктен науқасқа қажетті жақпа майды сығып алыңыз.

7. Жақпа майды теріге жұқа етіп жағыңыз, оны қолмен жақпаңыз, өйткені кейбір жақпа майлар зақымданбаған тері арқылы да сіңе береді.

8. Науқастан терінің жақпа май жағылған жерін 10-15 минут ашық ұстап отыруын өтініңіз.

9. Қолғапты шешіңіз, оны және күрекшені КБСУ ыдысына салыңыз.

10. Теріні қарап шығыңыз, жақпа майдың теріге сіңгеніне көз жеткізіңіз.

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.