Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

92. Стандарт «Ұнтақты қолдану»

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: баздануда,тескі шүберекеңдікте терінің құрғауы.

Дайындау қажет: ұнтақ, сүлгі немесе салфетка, су, қолғап.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз. (атын,сақталу мерзімін оқыныз).

3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті беріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (салфеткамен) құрғатыңыз.

6. Ұнтағы бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, терінің қажетті бетіне ұнтақты сілкіп бірдей етіп себіңіз (теріні «опалаңыз»).

7. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

93.Стандарт «Дәрілік жабысқақ пластырьді қою»

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит, тері мүйізгегі.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.

Дайындау қажет: дәрілік жабысқақ пластырь, қайшы, мақта немесе дәке шариктері, лоток, пинцет, антисептикалық зат.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес пластырьдің жарамдығын тексеріңіз (атауын, жарамдық мерзімін оқып шығыңыз, пластырьдің сыртқы түрін бағалаңыз).

3. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік зат туралы тиісті ақпаратты беріңіз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқастың терісін антисептикалық ерітінділердің бірімен немесе сабын сумен жуыңыз, құрғағанша сүртіңіз, шаш болса қырып алып тастаңыз.

6. Қайшымен жабысқақ пластырьдің тиісті размерін кесіп алыңыз, пластырьден сыртқы қабығын алыңыз.

7. Науқастың терісіне пластырьді жабыстырыңыз, үстінен кішкене басыңыз.

8. Пластырьді алудан алдын шеттерін спиртпен сүртіңіз, шаштың өсу барысымен пластырьді шешіп алыңыз.

Ескерту: егер қатты тітіркену болмаса, пластырьді 2 тәулік бойы шешпеуге болады. Пластырь қатты күйдірсе алып, теріге вазелин жағады.

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

94. Стандарт «Суппозиторииді тік ішек арқылы енгізу»

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, геморрой, т.б.

Дайындау қажет: ректалды балауыздар, қайшы, мақта шариктері, стерильді қолғап, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф. 004 – 1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес балауыздың жарамдылығын тексеріңіз (атауын, жарамдық мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы ақпаратты беріңіз.

4. Науқастың тізесін бүгіп, аяқтарын қарнына тақап, сол қырынан жатқызыңыз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Балауызды енгізер алдында, орауының жіңішке шетін қайшымен қиыңыз.

7. Сол қолыңызбен науқастың бөксесін ашыңыз, ал оң қолыңызбен балауызды орамынан сығып алып, жіңішке жағымен анал тесігіне барынша енгізіңіз, ол тік ішектің сыртқы сфинктеріне толығымен кіруі тиіс (балауыздың орамы қолда қалады).

8. Бөксе арасына мақта шаригін қойыңыз.

9. Науқастан бірнеше минут төсегінен тұрмауын өтініңіз.

10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- балауызды тоңазытқышта немесе салқын жерде сақтау керек;

- балауызды қолда ұстап тұруға болмайды, өйткені ол жылдам ериді.