Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері Дәрілік затты енгізудің сыртқы тәсілі

90. Стандарт «Құлаққа тамшы тамызу».

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы – құлақта ауырсыну сезімдері мен қабыну процестерінің болуы.

Дайындау қажет: стерильді: лоток, пипетка, мақта шариктері, мақта турундалары, дәрілік заттар (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғап, қайнаған суы бар ыдыс, ыстық бу, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф. 004-1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік заттардың жарамдылығын тексеріңіз, (атауын, концентрациясын, мөлшерін, жарамдық мерзімін оқыңыз, құтының бүтіндігін тексеріңіз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

3. Дәрілік заттарды ыстық буда Т° - 36°-37°С жылытыңыз.

4. Науқасты отырғызыңыз немесе бір қырынан жатқызыңыз.

5. Науқастың басын сау жағына қаратыңыз.

6.. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

7. Құлақта бөлінділер болса мақта турундасымен есту жолын тазалаңыз.

8. Пластик құтыдағы құлақ тамшыларын пайдаланғанда пипетканың бүтіндігін тексеріңіз, оның түбін жоғары қаратып, екі жанынан басып сығыңыз.

9. Оң қолыңызбен гашетканы ұстап, дәрілік ерітіндіні алыңыз.

10. Науқастың құлағының түбін артына және жоғарыға тартыңыз (сыртқы есту жолын түзету үшін), оң қолыңызбен пипетканы ұстап, есту жолына 2-3 тамшы тамызыңыз.

11. Тамшы ішіне қарай ағу үшін, құлақтың сыртынан сәл басыңыз.

12. Пипетканы немесе құтының дәрі тамызғышын сыртқы есту жолына кіргізбеңіз.

13. Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін қойыңыз, науқастан 10-15 минутқа басын еңкейтіп тұруын өтініңіз, сонан кейін стерилді мақтамен құрғатыңыз.

14. Тамшының құлақ пердесіне әсерін күшейту үшін, бармағыңызбен құлақтың үстінен бірнеше рет басыңыз.

15. Науқастың басын ауру құлағына қарай бұрыңыз, есту жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.

16. Қолғапты шешіңіз.

17. Қолданылған турундаларды, мақта шариктерін, қолғапты КБСУ ыдысына тастаңыз, пипетканы қайнаған суы бар ыдысқа салыңыз.

18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

91. Стандарт «Жеке ингаляторды қолдану». (Науқасты ауыз арқылы дәрілік заттармен ингаляция жасауға үйрету)

Мақсаты: емдік, науқасты өздігінен ингалятормен қолдануға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналымы және тыныс алу мүшелерінің ауруларына дәрігердің ем тағайындауы.

Дайындау қажет: екі қолданылған қалта ингаляторы, үшіншісі дәрілік заты бар ингалятор, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф. 004- 1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, және оның келісімін алыңыз, науқасты өздігінен ингалятормен қолдануға үйретіңіз.

2. Дәрігердің ем тағайындау парағына сәйкес дәрілік заттардың жарамдығын тексеріңіз (атауын, концентрациясын, жарамдық мерзімін оқыңыз)

3. Науқасқа жоғары Фаулер қалпын беріңіз немесе емшараны тұрып орындауға мүмкіндік беретін жағдайды қамтамасыз етіңіз, өйткені өкпенің тыныс алу экскурсясы тиімдірек.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

5. Науқасқа және өзіңізге бос ингаляторды алыңыз.

6. Науқасқа дәрілік заты жоқ ингаляторды қолдана отырып, емшараны орындау реттілігін көрсетіңіз.

7. Ингалятордың қалпағын алыңыз.

8. Аэрозольді ингалятордың түбін жоғары қаратыңыз, бірнеше рет қатты сілкіңіз.

9. Науқастан ауыз арқылы баяу терең дем шығаруын өтініңіз.

10. Аэрозолі бар ингаляторды қолыңызға алыңыз, оны науқастың аузына алып барып, ингалятордың ұшын ернімен алуын, басын арқасына сәл шалқайтуын өтініңіз.

11. Науқастан терең дем алуын өтініңіз, сол мезетте ингалятордың түбін басыңыз – осы сәтте ауыз қуысына аэрозоль түрінде дәрілік заттың мөлшері түседі.

12. Науқастан аэрозольді иіскеуін, 10-12 секунд тыныс алмауын сұраңыз, ингалятор мундштугін науқастың аузынан алыңыз, сонан кейін науқас баяу мұрын арқылы дем шығаруы тиіс.

13. Ингалятордың ұшына қақпағын кигізіңіз.

14. Науқасқа' алдымен бос, сонан кейін қолданыстағы ингалятормен емшараны өзі орындауын өтініңіз.

15. Науқастан Сіздің алдыңызда қолданыстағы ингалятормен емшараны орындауын қадағалаңыз.

Ескерту:

- аэрозольді иіскеу барысында шашыратқыштың қақпағын бір реттен артық басуға болмайды;

- ингаляция санын және оның аралығын дәрігер белгілейді;

- әрбір ингаляциядан кейін ұшын сабын сумен жуып, құрғатып сүртіңіз.