Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері Дәрілік затты енгізудің сыртқы тәсілі

88. Стандарт «Көзге тамшы тамызу»

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Дайындау қажет: стерильді: лоток, көз пипеткасы, дәке тампоны, дәрілік заттар (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғап, қайнаған суы бар ыдыс, ыстық бу, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы ( ф. 004 -1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік заттардың жарамдылығын тексеріңіз, (атауын, концентрациясын, мөлшерін, жарамдық мерзімін оқыңыз, құтының бүтіндігін тексеріңіз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік заттарды ыстық буда Т° - 36°-37°С жылытыңыз.

3. Пипетканың бүтіндігін тексеріңіз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқастың басын артына шалқайтып, тамшы тамызатын мұрын жолына қарама-қарсы жағына қаратыңыз немесе басының астына жастық қоймай арқасымен жатқызыңыз.

6. Көзге пластик құтысымен стерилді тамшыны тамызар алдында оны төмен қаратыңыз, сонан кейін екі жанынан қысып тамызыңыз.

7. Пипетканы оң қолыңызға алыңыз, дәрілік ерітіндіні екі көзге де жететіндей етіп алыңыз.

8. Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты ашып, науқастан жоғары қарауын өтініңіз.

9. Көздің астыңғы жағына көздің ішкі бұрышына жақындау жеріне, көзден 1,0-1,5 см қашықтыққа, бір тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз, кірпік пен қабаққа пипетка тимеуі тиіс.

10. Науқастан көзін сәл жұмып, көз алмасын қозғалтуын өтініңіз (дәрілік ерітінді ағып кетпеуі тиіс), бірнеше секундтан кейін осы көзге екінші тамшыны тамызып, манипуляцияны қайталаңыз.

11. Көздің ішкі бұрышына жиылған тамшы қалдығын тампонмен сүртіп алыңыз.

12. Екінші көзге осы реттілікпен тамшыны тамызыңыз.

13. Пипетканы қайнаған суы бар ыдысқа салыңыз, қолданылған дәке тампонын КБСУ ыдысына салыңыз.

14. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз..

Ескерту:

- бір көзге бірдей уақытта екі тамшыны тамызса, әдетте оның біреуі ағып кетеді;

Бір науқасқа арналған пипеткалардың саны дәрілік препараттардың санына байланысты, әрбір препаратқа бір пипетка қажет;

- көзде ірің болса алдымен оны жуыңыз, сонан кейін дәрілік затты тамызыңыз.

ІХ. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

Дәрілік затты енгізудің сыртқы тәсілі

89. Стандарт «Төменгі қабаққа көз жақпа майын қою».

( шыны таяқшамен, тюбиктен)

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Дайындау қажет: стерильді: көздің жақпа майы (дәрігердің тағайындауы бойынша), көзге арналған шыны таяқшалар, дәке тампоны, мақта шариктері, қолғап; зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф.004-1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес жақпа майдың жарамдылығын тексеріңіз, (атауын, концентрациясын, мөлшерін, жарамдық мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін тексеріңіз).

3. Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқасты ыңғайлы жатқызыңыз немесе отырғызыңыз, ол жоғары қарап жатуы тиіс.

6. Оң қолыңызға шыны таяқшаны алыңыз, оның жалпақ ұшына толтырып жақпа май алыңыз.

7. Таяқшаны шекеден көзге қарай (оң көзге – сол қолыңызбен, сол көзге – оң қолыңызбен) алып барыңыз.

8. Күрекшенің жалпақ ұшын мұрын мен қастың қосылған жеріне қаратып көлденеңінен қойыңыз.

9. Сол қолыңызға дәке тампонын алыңыз, көздің астыңғы жағын төмен тартып, көз алмасына жақпа майды күрекшесімен салыңыз, оның бос жағы қабаққа бағытталған болуы тиіс.

10. Төменгі қабақты жіберіп, науқастан қабағын сәл жабуын өтініңіз.

11. Күрекшені шекеге қаратып, жабық қабақтан алыңыз. Жақпа май көз шырына бірдей жағылуы үшін, жабық қабықты стерилді мақта шаригімен уқалаңыз.

12. Жақпа майды келесі көзге де сол реттілікпен жағыңыз.

13. Көз жақпа майын тікелей тюбикпен жағуға болады.

14. Сол қолыңызға дәке тампонын алып, астыңғы қабақты тартыңыз.

15. Тюбикті көздің ішкі бұрышына жақындатып, жақпа май қабақтың барлық жағына жағылатындай етіп, конюънктивальді қатпарға тюбиктен жақпа майды сығыңыз.

16. Шыны таяқшаларды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

17. Қолғапты шешіңіз, оларды және тампондарды КБСУ ыдысына салыңыз.

18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.