Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

86. Стандарт «Ұнтақты қабылдау »

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындау қажет: дәрігер тағайындаған дәрілік зат, қайнаған суы бар стакан немесе мензурка, дәрігердің ем тағайындау парағы (ф. 004 – 1/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Дәрігердің тағайындау парағына сәйкес дәрілік затты таңдап алыңыз.

2. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаулықпен танысыңыз.

3. Дәрілік заттың жарамдылығын тексеріңіз (атауын, жарамдық мерзімін, дозасын оқып шығыңыз).

4. Пациентке дәрілік зат туралы тиісті ақпаратты беріңіз, ем шараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

6. Дәрілік затты ораған қағаздың бүктеуін жазыңыз, оған ойылу түрін беріңіз.

7. Науқастан басын көтеруін, ауызын ашып, тілін шығаруын өтініңіз.

8. Науқастың тілінің түбіне абайлап ұнтақты салыңыз.

9. Ұнтақты ішу үшін, науқасқа суы бар стакан беріңіз.

Ескерту:

- Ұнтақты алдын ала сумен араластырып науқасқа ішкізуге болады.

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері Дәрілік затты енгізудің сыртқы тәсілі.

87. Стандарт «Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу».

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Дайындау қажет: стерильді: лоток, көзге арналған пипеткалар, мақта шариктері, мақта турундалары, дәрілік заттар (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғап, вазелин майы; КБСУ, қайнаған суы бар ыдыс, ыстық бу.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік заттардың жарамдылығын тексеріңіз, (атауын, концентрациясын, мөлшерін, жарамдық мерзімін оқыңыз, құтының бүтіндігін тексеріңіз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік заттарды ыстық буда Т° - 36°-37°С жылытыңыз.

3. Пипетканың бүтіндігін тексеріңіз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Мұрын жолдарын тексеріңіз, егер бөлінділер немесе қатқан қабық болса, вазелин майына батырылған мақта турундасымен сүртіңіз.

6. Науқастың басын артына шалқайтып, тамшы тамызатын мұрын жолына қарама-қарсы жағына қаратыңыз немесе басының астына жастық қоймай арқасымен жатқызыңыз.

7. Мақта шариктерін V бармақпен басып оң қолыңызға алыңыз .

8. Мұрынға пластик құтысыменстерилді тамшыны тамызар алдында оны төмен қаратыңыз, сонан кейін екі жанынан қысып тамызыңыз.

9. Гашетканы оң қолыңызға алыңыз, дәрілік ерітіндіні мұрынның екі жанына да жетерліктей етіп алыңыз.

10. Науқастың маңдайына 4 саусағыңызды қойыңыз, ал бас бармақпен мұрынның ұшын жоғарыға көтеріңіз.

11. Пипетканы мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке енгізіңіз.

12. Мұрын шырышына 4-5 тамшы тамызыңыз.

13. Мұрын қанаттарын мақта шаригімен басып, айналмалы жеңіл массаж жасаңыз.

14. Науқастың басын дәрілік заттар енгізілген жағына бұрыңыз.

15. 1-2 минуттан кейін осы реттілікпен науқастың екінші мұрын жолына дәрілік затты тамызыңыз.. Оның жағдайын сұраңыз.

16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

17. Пипетканы қайнаған суы бар ыдысқа, қолданылған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

Ескерту:

-мұрынға майлы ерітінділерді тамызғанда науқас оның дәмін сезінуі тиіс және тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына жетуі үшін (мұрын қанаттарын қыспаңыз) бірнеше минут жатуы тиіс.

- қақпағына тамызытқыш (капельница) қойылған пластик құтылардағы дәрілік заттар бір науқас үшін қолданылады.