Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

83. Стандарт «Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюляны қолдану»

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткалар, капсулалар, драже, пилюля, қайнатылған суы бар стакан немесе мензурка.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

  1. Дәрігердің ем тағайындау парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдып алыңыз.

  2. Дәрілік препараттарды қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

  3. Дәрілік препараттың жарамдылығын (атауын, мөлшерін, қолдану жарамдығын) тексеріңіз.

  4. Науқасқа дәрілік заттар туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

  6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оның қабын қайшымен кесіп босатып алыңыз.

  7. Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.

  8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюляны науқастың тілінің түбіне салыңыз.

  9. Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.

Ескерту:

- қабығы бар таблетканы науқастың жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

- таблетканы жұта алмайтын науқастарға мейірбике оларды ұнтақтап беруі тиіс; дражелер, капсулалар, пилюлялар өзгермеген түрінде қолданылады.

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

84. Стандарт «Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны қолдану»

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрі – дәрмектер, бөлшек белгісі салынған мензурка немесе шай, десерт, асханалық қасықтар, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, дәрігердің ем тағайындайтын парағы (ф – 004-1/у).

Іс-әрекеттері:

  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  2. Дәрігердің ем тағайынтайтын парағына сәйкес дәрілік ерітінділердің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. Қолыңызды гигиеналық денгейде жуыңыз.

  4. Дәрігер тағайындаған мөлшердегі дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:

- 1 шай қасыққа – 5 мл;

- 1 десерт қасыққа – 7,5-10 мл;

- 1 ас қасыққа – 15 мл.

  1. Науқастан дәрілік ерітіндіні сумен ішуін өтініңіз.

  2. Қолдалынған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

Іх. Дәрілік заттарды қабылдау жолдары мен тәсілдері

85. Стандарт «Тұнбаны, сығындыларды қолдану».

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындау қажет: дәрігер тағайындаған дәрілік заттар, пипетка,

мензурка, қайнаған су, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Дәрілік затты қолдану бойынша нұсқаулықпен танысыңыз.

3. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атауын, жарамдық мерзімін, мөлшерін оқып шығыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

5. Дәрілік заттың тиісті мөлшерін мензуркаға құйыңыз.

6. Аз мөлшерде су қосыңыз.

7. Науқасқа әзірленген ерітіндіні ішкізіңіз.

8. Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.