Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

І. Инфекционная безопасность

5. Стандарт «Қолғапты шешу»

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Оң қол саусақтарыңызбен сол қолғаптың сыртқы жағынан ұстап, қайырма жасаңыз.

2. Сол қол саусақтарыңызбен оң қолғаптың сыртқы жағынан ұстап, қайырма жасаңыз.

3. Сол қолыңыздың қолғабын теріс айналдыра отырып шешіңіз.

4. Сол қолыңыздан шешілген қолғапты, оң қолыңызбен қайырмасынан ұстаңыз.

5. Сол қолыңызбен оң қол қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.

6. Оң қолыңыздың қолғабын теріс айналдыра отырып шешіңіз.

7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы тиіс) КБСУ-ға салыңыз.

І. Инфекциялық қауіпсіздік

6. Стандарт «Зарарсыздандыру құралдарымен жұмыс жасау ерекшеліктері».

Мейірбикелер ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға бағытталған зарарсыздандыру іс-шараларына ерекше көңіл аударуы тиіс. Жұқпалы емес ауруханалардазарарсыздандыру іс-шараларын өткізу ерекшеліктері бөлім бейініне байланысты.

Зарарсыздандыру іс-шараларын өткізу тиімділігі маңызды болып табылатын келесі ережелерге байланысты:

1) зарарсыздандыру заттарының қатаң түрде белгіленген (регламенттелінген) концентрациясын қолдану,

2) зарарсыздандыру сұйықтықтарының немесе газтәріздес заттардың, зарарсыздандыру құралы мен зарарсыздандыратын объектінің арасында жанасу жеткілігін қамтамасыз ететін мөлшерін ғана жұмсау;

3) зарарсыздандыру құралының (экспозиция) белгіленген әсер ету уақытын қамтамасыз ету.

Қоршаған ортаның әртүрлі объектілерінің жуылған жерлерін бактериологиялық зерттеулер арқылы, өткізілген ағымдағы және қорытынды зарарсыздандыру тиімділігін бақылау іске асады.

Медицина қызметкерлері таңдап алған құралын қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды мұқият оқып шығуы тиіс, сонымен қатар оның микробқа қарсы әсер ету спектріне (құрал микроорганизмдердің жойылуын қамтамасыз ете ала ма), құралдың тазарту әсерінің бар екеніне, құралға тән ерекшеліктеріне назар аударуы тиіс.

Зарарсыздандыру құралдарының ерітінділерін, сорғыш вентилляциялармен немесе сорғыш шкафтармен жабдықталған арнайы бөлмелерде дайындайды. Қызметкерлер арнайы киімдерде жұмыс жасауы тиіс: халат, бас киім, дәке таңғыштар, резіңке қолғап, егер нұсқаулықта көрсетілген болса белгілі таңбалы респираторлар және қорғау көзілдіріктері.

Зарарсыздандыру құралдарының ерітінділерін арнайы техникалық ыдыстарда зарарсыздандыру құралын кәдімгі сумен араластыру арқылы дайындайды. Ерітінді дайындауға қажетті ұнтақ түріндегі зарарсыздандыру құралының мөлшерін таразыларда өлшеп алады немесе құралдың қаптамасында берілген арнайы өлшегіш қасықтарды пайдаланады. Су немесе спирт концентраттарындағы зарарсыздандыру құралдарынан ерітінді дайындау үшін өлшегіш стакандардың, пипеткалардың немесе шприцтің көмегімен өлшейді. Кейбір жағдайларда зарарсыздандыру құралдары алынбайтын немесе алынбайтын өлшеу ыдыстары (екінші өлшегіш қақпақты) немесе насостары бар құтыларда шығады.

Ерітінді жасау барысында тиісті концентрацияны алу үшін ұсынылған құрал мен су арақатынасын сақтау маңызды болып табылады. Әдетте ерітінді жасау барысында алдымен ыдысқа тиісті су мөлшері құйылады, сонан кейін оған зарарсыздандыру құралы салынады, араластырады, толық ерігенше қақпағын жауып қояды. Таблетка түріндегі немесе бір рет қолдануға арналған қаптамалардағы зарарсыздандыру құралдарынан ерітінділерді дайындау ыңғайлы.

Кейбір құралдардың химиялық құрамына байланысты дайындалған ерітінділер арнайы бөлмелерде жабық ыдыстарда қолданылғанға дейін белгілі бір уақыт аралығында (бір күн және одан жоғары) сақталады, ал басқалары дайын болысымен қолданылуы тиіс.