Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

VIII. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Гирудотерапия. Оксигенотерапия.

81. Стандарт «Оттегі жастықшасынан ылғалдандырылған оттегі беру»

Мақсаты: ұлпалардағы оттегі құрамын арттыру.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алудың әртүрлі бұзылулары, тұншығу, газбен улану, өкпенің ісінуі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

Дайындаңыз: оттегі жастықшасы, үштігі, 4 қабатталған дәке салфеткасы, тері антисептигі, 3% сутегі тотығының ерітіндісі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, су, оттегі бар балон, қауіпсіз жоюға арнаған контейнер.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Оттегі жстықшасын баллоннан оттегімен толтырыңыз. Ол үшін: оттегі жастығының резеңке түтікшесін оттегі баллонының редукторымен жалғастырыңыз. Жастықша түтігінің вентилін, сонан кейін баллонның редукторлы вентилін ашыңыз. Оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз, алдымен баллондағы, сонан кейін жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллон редукторынан резеңке түтікті алып тастаңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз .

4. Оттегі жастықшасының резеңке түтігіне үштікті жалғастырыңыз.

5. Үштікті ылғалды дәке салфеткасымен ораңыз.

6. Үштікті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшаның вентилін ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.

7. Науқасқа дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінін түсіндіріңіз.

8. Оттегіні беру жылдамдығын реттеңіз - минутына 4-5 л.

9. Оттегі азайған сайын жастықшаны басып, оттегі толығымен шықпағанша қарама-қарсы шетін қайырып қойыңыз.

10. Жастықшаны алыңыз, үштікті шығарыңыз.

11. Пайдаланған салфетканы КБСУ ыдысына салыңыз.

12. Үштікті әрбір 15 минут сайын 70% cпирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі тотығы ерітіндісімен екі рет сүртіп зарарсыздандырыңыз.

13. Қолыңызды сүртіп, кептіріңіз.

Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтыру барысында қауіпсіздік техникасы сақталуы тиіс.

VIII. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Гирудотерапия. Оксигенотерапия.

82. Стандарт «Постуральды дренаж ( бронхты қақырықтан тазарту)»

Мақсаты: науқастың төсектегі дене қалпын ауыстыра отырып, қақырықтың бөлінуін қамтамасыз ету, қақырық күш әсерімен ағады.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхиттер, бронхоэктазды ауру, өкпе абсцесі және т.б.).

Дайындаңыз: түкіршек -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз, егер қақырықты зерттеуге жинау қажеттілігі болмаса.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа төсекте дренаж қалыбының болуын түсіндіріңіз (қақырықтың өздігінен ағуы үшін).

2. Емшараны өткізуге науқастың келісімін алыңыз.

3. Науқастың жанына бойы жететіндей жерге түкіршекті қойыңыз.

4. Науқасты Квинке бойынша дренаж қалыбына келтіріңіз:

- кереуетін аяқ жағын бас жақ деңгейінен 20-30 см жоғары көтеріңіз;

- төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің артқанына көз жеткізіңіз;

- 10-15 минут сайын емшараны бірнеше рет 20-30 минут бойы қайталаңыз;

- кереуетті әдеттегідей қалыпқа келтіріңіз (дененің көтерінкі қалыбына байланысты науқас жағамсыз сезімге шағымданған жағдайда).

5. Науқасты арқасымен жатқызыңыз:

- науқастың тұлғасын денесінің айналасына 360 оС аударыңыз;

- науқасты 45оС аударыңыз. Терең дем алуын және жылдам дем шығаруын сұраңыз;

- жөтел пайда болғанда науқастың жақсы жөтелуіне мүмкіндік беріңіз;

- 10-15 минут сайын емшараны 3-6 рет қайталаңыз.

6. Науқасты оң жақ қырымен жатқызңыз –«кереует астынан аяқ киім іздеу»- позасы.

- науқастың басы мен қолын кереует денгейінен төмен түсіріңіз;

- төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтың көп бөлінгеніне көз жеткізіңіз;

- сол қырымен жатқызу қалпындағы емшараны қайталаңыз;

- емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз.

7. Науқасқа тізе-шынтақ қалпын алуын - «намаз оқу үстіндегі мұсылман»- ұсыныңыз.

- науқастан тізесімен тұруын және алға қарай еңкейуін сұраңыз;

- науқастан 6-8 рет еңкейуін сұраңыз;1 минут кідіріс жасап, 6-8 рет қайта еңкейуін (барлығы 6 циклдан аспауы тиіс) қажет.

- емшараны 5-6 рет қайталаңыз.

8. төсекте жатқан науқасқа ынғайлы қалып беріңіз.

9. түкіргішті зарарсыздандырыңыз ( стандартты қараңыз).

10. емшараны орындау және науқастың емшараға реакциясы туралы жазып қойыңыз.

Ескерту: науқас төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтылығымен байланысты жағымсыз сезімнің пайда болуына шағымданса, емшараны тоқтатыңыз( дәрігерге хабарлаңыз).