Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

VIII. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Гирудотерапия. Оксигенотерапия.

79. Стандарт «Парафинмен және озокеритпен емдеу»

Қолдану көрсетілімдері: буындардың (артроздар, артриттер), сүйектің, бұлшық еттің (миозиттер) қабынуы және жарақаттануы, невриттер (радикулит), ішкі мүшелердің аурулары, күйіктен кейінгі терінің тыртық өзгерістері.

Қарсы көрсетілімдері: қызба жағдайы, жүрек қан тамырлары ауруларының өрістеуі, қан қысымының көтеруі, қатерлі және қатерсіз ісіктер, қан кету, туберкулез, бронхиальды демікпе, жүктілік.

Парафинді, озокеритті қою әдістері

Дайындаңыз: су моншасы немесе арнайы парафин қыздырғышы, термометр, жалпақ бояу жаққышы, клеенка, көрпе, былау немесе клеенкалы қап.

I. Парафин салу әдісі

1-ші қабат – ерітілген парафинді (Т-55-65оС) қабат қалыңдығын бірте – бірте 2 см дейін арттырып, жалпақ бояу жаққышпен тері бетіне жағыңыз.

2-ші қабат- осы жерді клеенкамен жабыныз.

3-ші қабат- осы жерді көрпемен қымтаңыз.

Парафин апликациясының температурасы 50 оС дейін жетеді.

Ем шараның ұзақтығы 30 минуттан 1 сағатқа дейін.

II. Парафинді былау әдісі

(қол немесе аяқ бастарына әсер ету ішін).

1. Қолға немесе аяққа ыстық парафинді (Т – 55-65 оС) 1,5 – 2 см дейін кабаттап жалпақ бояу жаққышпен жағыңыз.

2. Ванночканы немесе клеенкалы қапты ыстық ерітілген парафинмен (Т – 65оС дейін ) толтырыңыз.

3. Өңделген қолды немесе аяқты ыстық ерітілген парафинмен толтырылған былауға немесе клеенка қапқа салыңыз.

4. Осы жерді көрпемен қымтаңыз.

Алдын ала жағылған қабат күлдіреудің алдын алады.

Ем шараның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін.

III. Салфеткалы - апплекациялық әдіс .

1. Парафин қабаттарын қалындығы 1-1.5 см дейін бояу жаққышпен тері бетіне жағыңыз.

2. Ыстық (Т -70оС дейін) парафинге салынған 8-10 қабатты дәкеден жасалған төсенішті парафинге қойыңыз.

3. Осы жерге клеенка жабыңыз.

4. Осы жерді көрпемен қымтаңыз.

Ем шараның ұзақтығы 40-60 минут.

IV. Кюветті – апликациялық ( тарелкелік ) әдіс.

  1. Кюветтің немесе тарелкенің түбі мен қабырғасына клеенка төсеңіз.

  2. Кюветке немесе тарелкеге ерітілген парафинді құйыңыз.

  3. Парафиннің сыртқы қабаты суығаннан кейін пайда болған затты (лепешканы) клеенкасымен кюветтен немесе тарелкеден алыңыз.

  4. Дененің тиісті жеріне парафинді клеенкасымен салыңыз.

  5. Үстін көрпемен қымтаңыз.

Ем шараның ұзақтығы 1 сағат.

Ескерту

Ақ сусыздандырылған парафин - мұнай мен сланс майларын өндіргенде алынатын қатты көмірсулар қоспасы.

Медициналық озокерит – қара –қонырдан қара түске дейінгі балауыз тәрізді мұнайдан алынатын зат. Құрамында парафин, қара сағыз, минералды майлар және т.б. заттар бар. Озокеритті үлкен жылылық сиымы мен төмен қызу өткізгіштігі бар зат ретінде қолданады.

Парафинді дайындау барысында су тимеуін мұқият қадағалау қажет өйткені ол теріні күйдіруі мүмкін.

VIII. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Гирудотерапия. Оксигенотерапия.

80. Стандарт «Мұрын катетері арқылы ылғалды оттегі беру»

Мақсаты: жүрек-өкпе ранимациясынан кейін, ауыр оталардан кейін, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінен кейін ұлпалардағы гипоксияны кеміту, қанның оттегімен жабдықталуын жақсарту.

Қалдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында , ауыр жағдайларда дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Дайындаңыз: Бобров аппараты, тазартылған суды немесе 70% спирт, стерилді: лоток, мұрын катетері, пинцет, шпатель, дәке, қолғап, вазелин майы немесе глицерин, жабысқыш пластырь.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Мүмкін болса, науқасқа емшара барасын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, стерилді қолғапты киіңіз.

3. Науқасты Фаулер қалпына келтіріңіз.

4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз: таза шыны ыдысқа температурасы 30-40 оС тазартылған су құйыңыз, өкпе ісінген жағдайда 2/3 көлеміне температурасы 30-40°С 70% спирт құйыңыз, бұранда көмегімен тығындыдағы жалғанған жердің саңылаусыздығын қамтамасыз етіңіз, Бобров аппаратының шыны түтіктеріне ұзындығы 60 см дейінгі резеңке түтікті кигізіңіз.

5. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көз жеткізіңіз.

6. Катетердің енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақ қалқанының түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (жалпақ жабысқақ пластырьмен) қойыңыз.

7. Катетердің егізетін бөлігіне стерилді вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий изотониялық ерітіндісімен немесе тазартылған сумен ылғалдаңыз.

8. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұш сияқты ұстаңыз.

9. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) енгізіңіз.

10. Тілдің түбін шательмен басып, жұтқыншақты караңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көз жеткізіңіз.

11. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырьмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

12. Енгізілген мұрын катетерін резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.

13. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегінің шүмегіне немесе оттегі баллонына жалғастырығыз.

14. Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында суда оттегі көпіршігі пайда болады). Оттегіні беру жылдамдағын реттеңіз ( 2-3 л\мин).

15. Науқастың мұрнының шырышты қабығын қараңыз. Науқастың хал – жағдайын бағалаңыз.

16. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері болса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

17. Катетерді алып тастаңыз.

18. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіңдісі бар ыдысқа салыңыз.

19. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

  • катетерді енгізу алдында оның икемділігін, жарық болмауын қадағалау қажет;

  • қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді).

  • ойылудың және мұрын қуысының шарышты қабығының құрғауының алдын алу мақсатында, әрбір 30-60 минут сайын катетер қалпын ауыстыру қажет.