Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

VIII. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Гирудотерапия. Оксигенотерапия.

78. Стандарт «Сүлік қою»

Мақсаты: емдік: жергілікті қан алу, қан ұюуын тоқтату.

Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, стенокардия, миокард инфаркті, тромбофлебит, тамырда қан ұюы, тік ішектің айналуы (геморрой), су қараңғылық (глаукома), бауыр көк тамырларының іркілуі.

Қарсы көрсетілімдері: гипотензия, анемия, қан ұйюының төмендеуі, аллергия, антикоагулянттармен емдеу кезеңі, терінің жоғары сезімталдылығы.

Қойылатын жерлері: еміздік тәріздес өсінді аймағы, оң қабырға асты, кеуде тұсының сол жағынан ішке қарай 1 см үшінші-бесінші қабырға аралығы аймағы, зақымданған тамырларға (шахмат тәріздес етіп), құйымшақтың айналасы, шеке аймақтары.

Асқынулары: тері қышуы, қан кету, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан құйылу.

Дайындау қажет: стерильді: қысып тұратын таңу материалдары, салфеткалар, мақта шариктері, лоток, пинцеттер, пробиркалар, 40% глюкоза ерітіндісі, натрии хлориді, ыдысымен жылы су, 6-8 тірі сүліктер, тұзды су, КБСУ, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, стерильді қолғапты киіңіз.

3. Науқасты ыңғайлы қалыпқа келтіріңіз.

4. Дененің қажетті жерін ашыңыз, теріні қараңыз, қажет болса шашты қырып алып тастаңыз.

5. Теріні жылы суға батырылған мақта шариктерімен сүртіңіз және қызарғанша ысқалаңыз. Теріні құрғатыңыз.

6. Сүлік қойылатын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.

7. Суы бар банкіден пинцетпен сүлікті алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.

8. Пробирканы дененің тиісті жеріне тақап, сүлікті сілкілеп теріге салыңыз.

9. Сүлік теріге тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз

10. Артқы еміздік астына стерильді салфетканы қойыңыз (сүліктің белсенділігін арттыру мақсатында артқы емізіктің теріге жабысуының алдын алу).

11. Қалған сүліктердің бәрін осылайша қойып шығыңыз (4-тен 12 сүлікке дейін бірден қоюға болады).

12. Сүліктердің жылжымалы болуын қамтамасыз ету үшін, оның үстін жылы суға батырылған мақтамен сипап өтіңіз.

13. Сүлік қойылған жерге лотокты жақындатыңыз (сүліктер кез келген сәтте түсіп қалуы мүмкін).

14. 30-40 минут күте тұрыңыз. Сау сүлік қанды сорып болғаннан кейін, қойылған лотокқа өзі түсіп қалады.

15. Егер сүлік өздігінен түспесе немесе оны алу қажет болса алдыңғы емізік аймағын тұзды сумен сүртіңіз.

16. Қолданылған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне, сонан кейін КБСУ ыдысына салыңыз.

17. Сүліктердің тістеген жеріне бір тәулікке арасына мақтасын мол етіп салыпқұрғақ стерилді қысып тұратын таңғышты қойыңыз (сүлік тістеген жер 6-дан 24 сағатқа дейін қансырап тұрады).

18. Қолданылған заттарды зарарсыздандырыңыз; салфеткаларды, мақта шариктерін, қолғапты КБСУ ыдысына салыңыз.

19. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз..

20. Таңғышты бір тәуліктен кейін ауыстырыңыз, қан тоқтамаған жағдайда стерильді қысып тұратын таңғыш қойыңыз.

Ескерту:

- сүліктер сілекей бездері арқылы науқастың қанына ұюға қарсы күшті зат (антикоагулянт) – гирудин бөліп шығарарды;

- жараланған жерлер сүлік қойғаннан кейін біраз уақыт (3 сағатқа дейін) қансырап тұрады – бұл табиғи құбылыс;

- асептика бұзылған жағдайда жарақат іріңдеуі мүмкін немесе қышиды;

- сүлікті бір рет қолданады.