Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

VIII.Қарапайым физиотерапиялық әдістер Гирудотерапия. Оттегімен емдеу

75 Стандарт «Ыстық ылғалды компресс қою»

Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіндіру және ауыруды басу.

Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауруы, бронхиалды демікпе, бұлшық ет пен буын аурулары.

Қарсы көрсетілімдер: іш пердесінің қабынуы.

Дайындау қажет: ыстық (Т-60-70⁰C) суы бар ыдыс, су термометрі, салфетка, клеенка, мақта, сүлгі.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2 .Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға сулап, оны сығып алыңыз.

5. Дененің тиісті жеріне ылғалды салфетканы 5-10 минутқа тығыз басыңыз.

6. Салфетканы клеенкамен, сонан кейін үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.

7. Бірнеше минуттай компресті (бинт салмай) қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырып отырыңыз.

8. Ылғалды терінің бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

9. Науқастың үстін жабыңыз.

10. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.

VIII. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Гирудотерапия. Оксигенотерапия.

76. Стандарт «Салқын компресс қою»

Мақсаты: емдік, тамыр тарылу әсері, жергілікті суыту, ауру басу әсері.

Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың, буындардың, сүйек қабының зақымдануларының алғашқы күндері, мұрыннан қан кету, қалтыраудың II кезеңі.

Қарсы көрсетілімдері: іштегі ауырсынулар, коллапс, есеңгіреу.

Дайындау қажет: салқын суы бар ыдыс, бірнеше рет қабатталынған 2 салфетка.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Дайын салфетканы салқын суға батырып, сығып алыңыз.

4. Салфетканы бірнеше рет қабаттаңыз.

5. Салфетканы дененің тиісті жеріне қойыңыз. Әрбір 2-3 минут сайын салфеткаларды ауыстырып отырыңыз, өйткені олар дене жылуының әсерінен тез жылып кетеді.

6. Бірінші салфетканы екіншісіне аустырыңыз.

Ескерту: емшараның барысы 5 минуттан 60 минутқа дейін.

VIII. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Гирудотерапия. Оксигенотерапия.

77. Стандарт «Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою»

Мақсаты: қан тамырларын ұзақ уақыт бойы және бірдей кеңейту, ұлпалардың қан айналымын жақсарту, ауру басу және сіңіру әсерлері.

Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі болатын инфильтраттар, бұлшық ет пен тамырлардың қабыну процестері, құлақ-тамақ аурулары, жарақаттанулардың екінші күні.

Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылуы, терінің іріңді және аллергиялық бөртпелері, тері бүтіндігінің зақымдануы, этиологиясы әртүрлі ісіктер, зақымдар мен жарақаттардың алғашқы күндері.

Асқынулары: тері мацерациясы, күйіктер.

Дайындау қажет: компресс жасауға арналған мата немесе 8-10 қабатталған дәке салфеткасы, компресске арналған қағаз, мақта, бинт, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділер, Т° - 20°-25°С су, қайшы, қолғап.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың компресс қойылатын жерінің терісін қарап шығыңыз.

4. Компреске арналған матаны немесе салфетканы әзірленген ерітінділердің біріне (Т° - 20°-25°С) батырып, аздап сығып алыңыз.

5. Дененің тиісті жеріне, көлемі 2 см артық компресске арналған матаны немесе дәке салфеткасын қойыңыз.

6. Компрсске арналған матаның немесе салфетканың үстіне 2 см кеңдеу компресске арналған қағазды қойыңыз.

7. Қағаздың үстіне мақта қабатын қойыңыз (алдыңғы компресс қабатынан 2 см артық).

8. Компрессті денеге жабысып тұратындай етіп, бірақ қозғалысын қыспайтындай етіп бинтпен бекітіңіз.

9. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (лажы болса түнге).

10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

11. 2 сағат өткеннен кейін компрестің дұрыс қойылғанын тексеріңіз, компрестің астына саусағыңызды кіргізіңіз, салфетка ылғал, ал тері жылы екеніне көз жеткізіңіз.

12. Компресті шешіңіз, теріні жылы сумен сүртіңіз, салфеткамен құрғатыңыз, құрғақ таңғышты қойыңыз. Компресс қойылған жерді жылы етіп ораңыз.

13. Қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:

- егер 2 сағат өткеннен кейін салфетка құрғақ болса, компрестің дұрыс қойылмағаны;

- спиртті компрестер тез кебеді, сондықтан оларды 4-6 сағат сайын ауыстырып отыру қажет;

- компресті шешкеннен кейін тек бір сағаттан кейін ғана жаңартуға болады, сумен араластырылмаған одеколон немесе спирт теріні күйдіруі мүмүкін.