Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

VIII.Қарапайым физиотерапиялық әдістер Гирудотерапия. Оттегімен емдеу

73. Стандарт «Қыша қағаздарын қою»

Мақсаты: дененің қыздыратын жерінің қанмен толысуын күшейту, ісінуді тарату, қабынуға қарсы және ауырсынуды басу әсері.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары (фарингит, трахеит, бронхит, пневмония), гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы (миозит), жүйкелердің қабынуы (невралгия), операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, өкпенің құрт ауруы, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі ісіктер.

Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйегінің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы.

Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.

Дайындау қажет: қыша қағаздары, жылы суы бар (Т-40-45⁰C) лоток, сүлгі, көрпе, салфетка, жылы жаялық.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан төгілмеуі тиіс және өзіне тән қыша иісін сақтауы тиіс).

4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орыңды анықтап, терісін мұқият қараңыз.

5. Қышаны жылы суға 5-10 секундқа салыңыз (Т-40-45⁰C), суын аздап сілкіңіз және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басып қойыңыз (терінің сезімталдығы жоғары болса, қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).

6. Науқасты сүлгімен, сонан кейін көрпемен жабыңыз.

7. Қыздыру сезімі пайда болысымен 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).

8. Теріден қыша ұнтағын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен сүртіңіз.

9. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

10. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: қыша қағазын зақымданбаған теріге қояды; қыша қағазын емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қоймайды; емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.

VIII.Қарапайым физиотерапиялық әдістер Гирудотерапия. Оттегімен емдеу

74. Стандарт «Аяққа қыша ваннасын қою»

Мақсаты: аяқтардың қан тамырларын рефлесті кеңейту.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары (пиодермия, нейродермит, экзема)

Дайыңдау қажет: 10 л суға 50 г құрғақ қыша (40⁰-45⁰ С); емшарадан кейін аяқты жууға арналған жылы су, сүлгі, ақ жайма, аяқты орауға арналған көрпе.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқастан қышаны көтере алатынын анықтаңыз. Егер қышаны көтере алмаса, тек жылы су қолданылады.

2. Терісін қараңыз, қарсы көрсетілімдері жоқтығына көз жеткізіңіз.

3. Жылы суда қышаны ерітіп, қыша ваннасын

4. Табан терісі қызғанға дейін аяқты тізеге дейін 20-30 минутқа ваннаға салыңыз.

5. Емшарадан кейін аяқты жылы суда жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз. Ванна температурасының 40о – 45оС болуын қадағалаңыз.

6. Аяқты ақ жаймамен және көрпемен 30-60 минутқа ораңыз.