Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

VIII.Қарапайым физиотерапиялық әдістер Гирудотерапия. Оттегімен емдеу

71. Стандарт «Жылытқышты қолдану»

Мақсаты: дененің жылытатын жерлерін қанмен толуын күшейту, жергілік қыздыру әсерін жасау.

Қолдану көрсетілімдері: қызбаның I және III кезеңдері, иньекциядан кейінгі инфильтраттар (түйіндер), белдегі жұлын түбірінің қабынуы (радикулит), дуоденалды зондтау, соғып алудың 2 тәулігі, неврит, невралгия.

Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабынуы және ауыру процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігі, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуы, ірінді жара.

Асқынулары: күйіп қалу, денеде дақ болу.

Қойылатын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.

Дайындау қажет: резеңке жылытқыш (1,5-2 л), су ( t-60-70⁰C), сүлгі (жаялық), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, шүберек, су термометрі.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, емшара жасауға оның келісімін алыңыз.

2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (60-70⁰C) құйыңыз.

3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығырыңыз (мойынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, ауа кірмейтінін тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

7. Жылытқышты дененің қажетті учаскісіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.

8. Жылытқышты жиып алыңыз, ашып суын төгіңіз.

9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы тиіс).

10. Науқасқа ыңғайлы жатуына көмектесіңіз, үстін жабыңыз.

11. Жылытқышты зарарсыздандыру ерітіндісінде батырылған шүбірекпен арасына 15 минут салып 2 рет өңдеңіз.

12. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: жылытқышты жиі немесе ұзақ пайдаланғанда күюдің, пигментацияның алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе май жағыңыз.

VIII.Қарапайым физиотерапиялық әдістер Гирудотерапия. Оттегімен емдеу

72. Стандарт «Мұзды мұйықты қолдану»

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: есеңгіреу, талықсу (коллапс), ішектің бүріп ауыруы.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

Дайындау қажет: мұзды мұйық, мұз кесектері, сүлгі (жаялық), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, шүберек.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, емшара жасауға оның келісімін алыңыз.

2. Мұзды мұыйқтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақталған мұз кесектерімен толтырыңыз.

3. Мұзды мұйықты көлденеңінен қойып, ауасын шығарыңыз, тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялықты) ораңыз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

6. Мұзды мұйықты науқастың бас жағына 5-7 см. қашықтыққа әрбір 15 минут сайын 10 минутқа қойыңыз немесе белгіленген жерге әрбір 30 минут сайын 15-20 минутқа қойыңыз. Уақытын белгілеңіз.

7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, жаңа мұз кесектерін салыңыз.

8. Мұйықты жиып алыңыз, суын төгіп, қалған мұзды төгіп тастаңыз.

9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

10. Зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен мұзды мұйықты әрбір 15 минут сайын 2 рет сүртіңіз.

11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қояды.